Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Алпамыс батырдың хикаясы (4-бөлім)

Алпамыс · 1922 жылғы Ә. Диваев нұсқасы · 2 мин оқу

Болмай суаш ат құйрығын өресің,
Мен білемін, ата, қайыр төресің.
Ертеңменен мал иесі келгенде,
Жаным атам, сен не деп жауап бересің?

Ендігі хабар Алтыншаштікі:

—Сахар уақыты сары атанға жүк арттырдың,
Біз білмеген қалмақтарға шаттырдың,
Көшпе деп зар жыладым елімде,
Мұнда келіп қанша дүние арттырдың?

Сонда Баршын секіріп орнынан тұрды, қынадай белдерін буып, киіктей мойнын бұрды, екі қолын қусырып, Тайша ханнан келген жаушыға қарап, төмендегі сөздерді айтып тұрған секілді:

—Мен жыладым сізді көріп зар-зар,
Көп жылаймын, ісім нашар кемдік бар.
Көз салып келген Баршынжаның мен едім,
Құлақ салсаң, көңлімнің сізге арызы бар.

Патшадан келген жаушылар,
Менің айтқан бұл сөзім
Тайша ханға айтып бар.
Жалын бедеудің өреді,
Шігіттен мақта тереді.
Тайша хан деген ол болса,
Баршын деген мен едім.
Біздер—иесіз келген мүсәпір,
Алты ай мәулет береді.
Арадан алты ай өткенше,
Арығы болса, семіртсін,
Семізі болса, таптасын,
Ақ найзасын саптасын.
Зерлі тоным киемін,
Мұқтажбын—есім жиямын.
Қырық күншілік байраққа
Мұңлы болған Баршынмын,
Байраққа басым қояйын.

Мініп бедеу келгенге,
Армансыз дәурен сүргенге.
Қырық күншілік байрақтан
Аты озып келгенге,
Қай қызылбас демеймін,
Қай бір қалмақ демеймін,
Бақыты қара Баршынмын,
Хан-қараңа айтып бар,
Өзім соған тиемін.

Жаушылар Баршынның сөзін есітіп, Тайша ханның алдына барды. «Ханға тиемін деп айтты»,—деді. Қаражанның жіберген жаушысы олар да (Қаражанға) «сізге тиемін деп айтты» деп айтып барды.

Тайша хан мен Қаражан батыр екеуі «мен алам, мен алам» деп ерегісе бастады. Ерегесіп екеуі керісті. Баршынға таласып, екеуі керілдесіп, «сен нетесің, сен нетесің» деп көп әскерменен, дүбірлеген топпенен екеуі де жау болды. Тоғыз жолдың үстіне қараса, он тоғыз мың батырлар келе жатыр. Қызыл шекпен толып жатыр. Ақ шатыр, көк шатыр майданға барып құрылып жатыр. Майданда ат бауырынан қан болды, үзеңгіден сел болды. Жылғаның қара сайлары тас көпір жаңа жол болды. Өз-өзінен қырғын болды. Сол Баршын себеп болды. Нансаң да, нанбасаң да. Арадан төрт ай өткенше қалмақтар өз-өзінен қырғын болды.

Енді Байшұбарға мініп, өзінің қалыңдығын артынан іздеп, қалмақтың еліне келе жатқан Алпамыс батырдан сөз естіңіз. Байбөрінің бір құлы бар еді. Оның аты Құлтай болып, тоқсан құлдың басы еді. Бір күні жылқының басында жатыр еді. Алпамыстың атасы менен анасы жалғыз ұлымыздан айрылып қалармыз деп келінінің кеткенін айтқан жоқ еді.

Бір күні Алпамыс тілләдан істелген ерін иініне салып, көп жылқының басында жатқан Құлтай бабасының қасына келді. Алпамыс жеті жасына келгенде жылқыларының ішінде әдейі Алпамысқа арнап жүрген дүлділ құлыны жеті жасына шығып еді, ешбірінде мінген емес еді, оның атын Байшұбар деуші еді. Бұл Байшұбар: «Мені бір ер мінер, қандай батыр мені мінсе— құйрығымнан тартып тұрғызған кісі мінер» деп еді. Бұл ойы өзіне мақұл көрініп жүруші еді.

Тағы оқыңыз