Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Алпамыс батырдың хикаясы (2-бөлім)

Алпамыс · 1922 жылғы Ә. Диваев нұсқасы · 2 мин оқу

—Жаңбыр жаусын, айдын көлдер сел болсын,
Жылдан жылға бұл дәулетің мол болсын.
Сахар уақытта тоқсан нарға жүк артып,
Гүлбаршынның атасы, сізге жол болсын?

Айыл тарттың дан бедеудің беліне,
Құлақ салғын мен мұңлының тіліне.
Сахар уақытта тоқсан нарға жүк салып,
Сен барасың қандай шаһтың еліне!

Сонда Байсары байдың берген жауабы:

—Маңдайыңда қиылғандай қалам қас,
Қорлықпенен өтпейді екен ішкен ас.
Көрген қорлығымды баян етейін—
Кемдік тартып жылай берме, Алтыншаш!

Он төртінде толып туған ай едік,
Бұл дүниеде төрт түлікке сай едік.
Аздан дәурен сүрген көп [қой] елімде,
Бұл жұрттарда екі теңдес бай едік.
Он төртімде толып туған ай болды,
Бұл дүниеде төрт түлігім сай болды.
Аздан дәурен сүрген көп қой елімде,
Ат шаптырған күнде мейрам той болды.

Дүлле көңілім тасқанмын,
Бедеуге қамшы басқанмын.
Есерде алған далада
Лақты алып қашқанмын.

Мақсатқа кімдер теңелді,
Бір зиярат қадірі бізге өткен-ді.
Қияметтік құдам еді Байбөрі,
Кейінімнен қуып теңелді.

Қияметтік құдамнан
Басыма қамшы тиген-ді.
Алдымда ағам жоғынан,
Кейінімде інім жоғынан,
Бір баланың кемінен,
Қияметтік құдамнан
Басыма қамшы тигенде,
Тарттым айыл нар түйенің беліне.
Алты айшылық, қырық күншілік жол жүріп,
Мен барамын Тайша қалмақ еліне.

Ат құйрығын түйермін,
Армансыз дәурен сүрермін.
Жалғыз қызым Баршынды
Дін білмеген қалмаққа
Сайлап жүріп берермін.

Алтыншаштың жауабы:

—Мен жылаймын көзде жасым көл болып,
Артым жапқан [қара] шашым жол болып.
Ұлдай көрген жалғыз қызым Гүлбаршын,
Аздан дәурен сүре алмады қыз болып.
Тоқсан кірсе баудың гүлі солмай ма,
Арлы жігіт намыспенен өлмей ме.
Ағайынмен кім ұрыспас, таласпас,
Абырой барда елге қайтсақ болмай ма?!

Салмас Қадір Мәуләм жарлығын,
Қылар дін білместер пейілі тарлығын.
Ағайынмен кім ұрыспас, таласпас,
Қайтқыл райға енді абырой барлықта.

Наз бедеудің мінет-дүр терлігі,
Зайық болар өмірімнің шерлігі.
Кел, қайтайық, енді абырой барлықта,
Жаман болар дін білместің қорлығы.

Сол кеткеннен көшіп кетіп, алты айшылық, қырық күншілік жол жүріп, сау-саламат Тайша ханның еліне барып түсті. Кеңінен қоныс берді, шаруаға жай берді, Тайша қалмақтың елінде бұқара болып, зекетін беріп жүре берді. Бір кемісі сол болды: «құрамсақ» атанды. Мұнан соң арадан жеті жыл өтті. Мұнда келгенде Гүлбаршын жеті жасында еді. Жеті жыл өтті, жасы он төртке жетті.

Ал ендігі хабарды Тайша қалмақтан есітіңіз: Баршын жайлы алпыс екі амалдарларына, отыз екі мүһердерлеріне естіліп Тайша ханға айтады:—Айналайын хан айым, баяғы келген Байсары деген бұқараңыздың бір қызы бар екен, сізге лайық екен,—дейді. Хан мұны мақұл көріп:—Сол бай бізге қызын бермес пе екен? Бізді күйеу демес пе екен?—дейді. Сонда олар айтады:—Ау, тақсыр, сізден артық кімге береді?!

Хан айтады:—Бар, ондай болса айттырып кел!—деп.

Сол уақыттарда Қаражан деген қалмақ өзі баһатыр, өзі балуан, өзі қаланың әкімі еді. Сол тұрып айтады:

Тағы оқыңыз