Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Шора батыр (1-бөлім)

Тарихи аңыздар · 3 мин оқу

Ерте заманда қырық үйлі Тама мен мың үйлі Жасыл түрікпен қоныстас болып, мың үйлі Жасыл түрікпенде Қарахан деген хан бар екен, Әліби деген биі бар екен. Сонда қырық үйлі Таманың қырық баласы мен мың үйлі Жасыл түрікпеннің мың баласы ойнайды екен. Ойнағанда мың бала қырық баланың асығын ұтып алып, тірідей көр қылып, танауларын жырып, тырнадай бақыртып жұлып, білгенін қылады екен. Қырық үйлі Таманың ішінде Нәрік деген бай бар екен, баласы жоқ екен, малы есепсіз көп екен, жылқысында бір шұбар ат бар екен. Заманасында ондай ат ешкімнің малынан тумаған екен. Сол атты мың үйлі Жасыл түрікпеннің Әліби деген биі сұрапты:

—Нәрік бай меніменен ел болып отырамын десе, шұбар атын берсін, әйтпесе екеуміздің ат құйрығын кесіскен жеріміз осы!—деп.

Сонда Нәрік бай:

—«Баласы жоқ қу бас, мұнысын кім мінеді?» дегені ғой,— деп долданып жылап,—А, Құдай, бұл малға ие бер, бермесең, мені ал!—деп түйеден бура, жылқыдан айғыр, сиырдан бұқа, қойдан қошқар, ешкіден теке айтып, бәйбішесімен екеуі жонға шығып кетіпті.

Жылқыдан басқа малын бірге ала жөнеліп, Сырлытам деген тамға барып, Құдайға айтқан малдарын соның басына апарып сойып, жаңа туған жас төлдің тілерсегін қиып, ең аяғы итіне шейін қалдырмай, сол тамның басына жиып, малын улатып-шулатып, азан-қазан қылып аңыратып, қырық күн басын көтермей дөңбекшіп сұлап, көз жасын бұлап, қосағымен екеуі әнін қосып жылап жатып қалса, ала есегі айқайлап, ала қоржын арқалап, Шар кітабы қойнында, аса таяқ қолында, жүрген Хақтың жолында бір ақ шалмалы адам келіп:

—Уай, байғұс, мұңды-зарлылар-ай, Құдайдың [құлағын] шулаттыңдар ғой! Үн-зарларың Құдайдың құлағына барып, мені жұмсады. Көтер басыңды, жай қолыңды! Мыңды аламысың, мыңға балап бірді аламысың?! Қалағаныңды, ойыңа алғаныңды айт!—дейді.

Ұшып түрегеліп, қолдарын жайып:

—Оттың басын боқ қылып,
Қырға шығар жоқ қылып,
Мен не етейін көбіңді,
Құлан көде шөбіңді?!
Берсең, маған қалап бер,
Бір басын мыңға балап бер!—дегенде:

Ал, мүсәпірлер, көз жасыңды Құдай иді, тілегеніңді берді.

—Қалағаның ұл болса,
Ойлағаның сол болса,
Атса, мылтық өтпесін,
Шапса, қылыш өтпесін,
Бір Алладан басқадан
Сірә да бұйрық жетпесін!
Атын «Шора» қой!—

деп жөнеле беріпті. Бай, бәйбіше жүрегі жарылып қуанып, үйлеріне қайтып келісіп, мырза Құдайдың мырзалығын білісіп, боз кемпір буаз болып, айы-күні жетіп, жиырма күн жіп құрдырып толғатып, «ес кетті, жан шықты» дегенде бір ұл перзентті зорға тауыпты. Төбел бие сойды, төменгі елді жиды. Жорға бие сойды, жоғарғы елді жиды. Ала бие сойды, аймақ елді жиды. «Отыз күн ойыны бар, қырық күн тойы бар» деп жұртқа сауын айттырды дейді.

Мың үйлі Жасыл түрікпеннің Әлихан деген ханы, Әліби деген биі:

—Қырық үйлі Тама еді, байлық көрсетіп, той қылып жатыр. Қалаған шұбар атты маған бермеді. Біздің Түрікпеннен жалғыз жан бұл тойға бармайық. Сабасы ішусіз қалсын, еті жеусіз қалсын! Кімге берерін білмей, дағдарсын!—деп шақырған тойына бірі де бармапты, дүние берсе, алмапты.

Шора бес жасқа жетті дейді. Қырық баламен бірге асық ойынына шықты дейді:

—Ай, ағалар, ағалар, ана топқа баралық, асық саудасын салалық,—депті.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз