Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Әбусина туралы аңыздар (2-бөлім)

Тарихи аңыздар · 3 мин оқу

—Шаян ащы жанды жәндік. Тәтті жанға сол дауа,—депті сонда Әбуәлі ибн Сина.

* * *

—Сал ауруына шалдыққаныма қырық жыл болды,—депті бір қарт адам. Қартайған шағымда меңдеп барады, не амал қылайын, құдіреттім?

—Мына дәріні ішіңіз, ал мынаны сылап жағыңыз,—деп тәуіп шалға тоз-тоз қағазға оралған дәрілерді береді.

—Екеуі де ескі ғой,—деп қалады ауру қарт.

—Ескі ауруға ескі дәрі ләзім,—депті сонда шипалы адам.

Мұнысы ауру адамның күдігіне қарсы айтылса керек.

* * *

Әбусина ауру-сырқаттарға: «пәлен дәріні ішсең немесе жақсаң, жазыласың» деп кәміл сендіреді екен. Бір күні діндарлау сырқатқа дәрігер:

—Мына дәріні ішсеңіз, құлантаза айығып кетесіз,—депті.

—Аллаға жазып қылмайық. «Құда қаласа» деп айтыңыз.

Тәуіп: «Құда қаласа» дегенді қосып сөзін қайталап айтады.

Ауруынан айыққан діндар бірер күннен соң қайта келеді.

—Бұл жолғы кеселді бір Алланың өзі жіберді. Оған дәрі де жоқ шығар.

—Дәрісіз ауру жоқ,—депті сонда философ,—Ауруды Құдай жіберетін болса, онда дәрісін қоса жібереді.

* * *

Тәуіпке қатты жынданған біреу әкелінеді. Ол келген бетте: «мен өгізбін, мені сойып жеңдер!»—деп аласұрып тұрады.

—Өгізім,—депті дәрігер.—Сен арық екенсің. Жемшөп жеп семір. Сонан соң сойып жейміз.

Жындының бірінші сөзін мақұлдап, екіншісінде оның діттегеніне қарсы сөз айтылуы ем болған екен.

* * *

Ертедегі сәуегей адамдар аюдың, борсық пен тасбақаның қыс бойы нәр-қорексіз «өліп» жатып, көктемде қайта тұрып кететініне таң қалады екен.

—Аю, борсық пен тасбақа жыл сайын өліп тіріледі, өлген адам неге тірілмейді?—деп сұрапты бір шәкірт ұстазынан.

—Олар мейір деген шөпті тістеп жатады. Сол шөпті тістеп өлген адам тіріледі,—деп арманын айтыпты ғалым.

Аурулардың кейде аю, борсық майын, тасбақа жұмыртқасын жейтіні содан қалған екен.

* * *

Жүрегі, жүйке тамыры асқынған сырқат әйгілі тәуіптен ақыл сұрайды.

—Бұған дауа өсімдік бар. Соны езіп ішіңіз,—деп кеңес береді дәрігер.

—Ол қандай өсімдік?

—Басы тікен, түбі шалқан тәрізді өсімдік,—депті Әбусина.

Кеселі жанына батқан адам шарлап жүріп басы тікен, түбірі шалқан өсімдікті тауып алып, тостағанға езіп ішеді. «Қартаң құлақ» деген өсімдік екен ол. Қартаң құлақ Әбусинаның өмірімен дәрілік қасиет алып кетіпті. Мал жемейтін, құс шоқымайтын сол қартаң құлағымыз бұл күнде алоэ деп аталады.

* * *

Жетпіс-сексен жасқа келген шал Әбуәлі ибн Синаға арнайы келіпті. Ол амандық-есендік сұрасқаннан кейін жас шағынан ауру-сырқатты болғанын, бірақ дәрігерге бармағанын айтады.

—Көп жылдар бойы ауру-кеселіңізді қалай жеңіп келдіңіз?—деп сұрайды одан дәрігер.

Әуелі ержету үшін тырыстым, одан соң үйлену, балалы болу үшін өмір сүргім келді. Сол мақсаттарыма жеткен соң немерелі, шөберелі болуға ұмтылдым. Сөйтіп жүріп, міне, сексенге де жеттім.

—Өмір сүруге құштарлық барлық дәріден күшті,—депті сонда шипагер кісі.

* * *

Дәрігерге жауқазындай жас әрі сұлу келіншек келіп, егде тартқан ерінің ауырмай-сыздамай өлгенін айтып, қатты өкінішін білдіреді.

—Кейбір еркектер,—дейді дәрігер,—сен секілді жас та сұлу жұбайынан кеселін жасырады. Олардың ауруын өлім ғана әшкере етеді.

* * *

Бір молда Әбуәліге екі ағайынының ауру-кеселі туралы сөз қозғайды.

—Үлкені,—дейді ол,—ауыра қалса, Құранды жастанып жатады да, тез айығып кетеді, ал кішісіне ондай ем қона қоймайды. Неге бұлай?

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз