Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жамбыл мен Сарбас айтысы (2-бөлім)

Жамбыл Жабаев, Сарбас Майкөтұлы · 2 мин оқу

Егескендер менімен,
Бармақтарын тістеген.
Теңім болса, айтар ем,
Оңым келсе, байқар ем,
Қара бала, көнбесең,
Қысылады тақымың.
Жарылқамыс, Жанту ұлымын,
Басылады қарқының.
Ерегіспе менімен –
Езіледі алқымың.
Ерегіссең менімен,
Ісім түссін сенімен.
Тілімді алсаң, қор болмай,
Жүре бергін жолыңмен.
Енді не деп айтасың,
Алдырмаймын қайтесің?
Алатұғын жеріңді айт,
Ішіңдегі шеріңді айт,
Кетпейтұғын жөніңді айт!
Жеңетұғын еліңді айт!
Ат жүздіріп келемін,
Айдын шалқар көліме.
Менің күлкім келеді,
Шапырашты еліңе.
Еліме енді қарасаң –
Адам ұлы батар ма!
Шабынып қылыш шабар ма,
Шамырқап мылтық атар ма!
Мұның бәрін есітіп,
Тірі адам тыныш жатар ма?!
Мен жетпестен қоймаспын,
Өзім айтқан сертіме.
Жүйрік пен жорға жетелеп,
Сөз сөйлеші төтелеп,
Көп Дулаттың ішінде,
Мен туып ем өктеген.
Шапырашты сықылды,
Қолы қысқа мен емес.
Қысқа жібі шолтаңдап,
Күрмеуіне жетпеген.
Бағып едің Салықты,
Бір көрмедің жарықты.
Жүгіремін алысқа,
Жүйрік тартар дабысқа.
Терісінде шелі жоқ,
Керіліп жатқан елі жоқ,
Құр бекер не айтады,
Іштеменің жөні жоқ.
Кеңірдектен алайын,
Саған тісті салайын,
Айтып қара еліңді,
Қай айтатын елің бар,
Қай сөйлейтін жөнің бар?
Айта алмасаң еліңді,
Дыбысыңды шығарма.
Кетпеймісің қасымнан,
Ерегіссең менімен.
Шапыраштым, абайла,
Жеңбей тұрман қасыңнан!

Жамбыл:
І
Алматы деген шәһәрда –
Жұрт жиналып жатқанда,
Қырбай, Қожамберлі болыстың
Сәскеде жетіп үйіне,
Би, болыстар жиналып,
Қол, аузы етке майланып,
Табаққа қол қойғанда,
Домбырамды өңгере,
Кіріп келдім еркіндеп.

Ноғайбай мырза шіренген:
– Домбыра алған бұл кім? – деп
Теріс көзбен қарады.
Танып тұрып, танымай,
Екі көзі жеп барады.
Осы неме екен деп,
Түрімді көріп Ноғайбай
Деді бекер: – Шошыма!
Өңкей дәудің қасында,
Сөйлемессің мұңаймай.
Сүйінбайым бір күнде,
Былай өлең айтқан деп,
Бір ағашты құшақтап,
Отырды кеп шынтақтап.
– Жамбыл деген немеңіз –
Екейдегі осы ма?
Ноғайбайдың алдында,
Сөз сөйлеші ашыла!
Орын тауып айтпасаң,
Қамшы тиер басыңа!
Сағынып жүрген немедей,
Отырдың тақап қасыма.
Бір ауыз сауал сұрайын,
Айта алмасаң өлеңді,
Шықпыртайын басыңа.
Қожамберлі мақтайды,
Бұл неліктен жақтайды?
Кейбіреу айтса өлеңді,
Бекер аузын боқтайды.
Сүйінбайға іні деп,
Парасат қып мақтайды.
Сүйінбайдан басқа өлеңші,
Сірә, маған жақпайды.
Домалақтан қозғашы,
Жарықшақтан озбашы.
Бет алдыңа бақырып,
Таңдайыңнан тозбашы.

ІІ
Жамбылдың келді кезегі,
Мықты Мазамқызы екен –
Домалақтай енеміз.
Қасиетті енеден –
Енді сөйлей келеміз.
Домалақтай енеміз –
Үш қатынның бірі екен.
Сары бәйбіше мықты кеп,
Бай қарамай жүр екен.
Байлық пен байдың жылқысы,
Есебі жоқ көп екен.
Жұлым үйі бар екен,
Жұлым үйден саңылау көрінді...
Домалақ енем қасында,
Құшақтасып, сүйісіп,
Әзілмен ойнап күлісіп,
Отыр екен бір қожа.
Жүзінен нұр тамғандай,
Мейірі жанның қанғандай,
Сүйкімді бір жан екен.
Түн қойнында оранып,
Бәйбішеден ұрланып,
Түнеп жүрген шағында,
Жүкті болып қалады.
Айы жетіп тұрғанда,
Ел көшпекші болады.
Толғатады анамыз,
Ертең көшіп барамыз,
Деп жұртында түнейді.
Таң атады күн шығып,
Бесін уақыт болғанда,
Қырғыздан шыққан Аққошқар,

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз