Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Айбек пен Еркебұлан айтысы (4-бөлім)

Айбек Қалиев, Еркебұлан Қайназаров · 3 мин оқу

Атынан атың үркеді.
Табаны тиген топыраққа
Жамандар көзін сүртеді!

Алты Алашпенен үш жүзім,
Үш жұртым аман тұрғанда
Менің де бағым бес елі.
Маған ұстаз боп жүрген,
Сенің де бағың бес елі.
Өзің де аға текті елсің,
Сайраған талай шешені.
Бір шежіре қозғайын,
Тарихтан тартып кешегі.
Шығыстағы Тобықты
Ырғызбайдың бәйбішесі –
Ермек деген анамыз,
Ер Жәнібек батырдың
Қарындасы деседі.
Ырғызбайдан Өскенбай,
Құнанбайдан ұлы Абай,
Осылай өніп-өседі.
Ұлы Абайдың өзі де,
«Ақындық түп нағашым –
Жәнібектен дарыған»
Деп өсиет етеді.
Сол Ермектей ананың
Сіңілісі деп білем,
Үйдегі жарым некелі.
Жылына құрсақ көтеріп,
Шылқытып жатыр шекені.
Осындай жерден қыз алған,
Ініңнің түгел есебі.
Үйдегі жүрген жамандар,
Өзіме тартсын демеймін,
Өзіме тартса өмірі
Айтысып көппен өтеді.
Нағашысы – Жәнібек
Оған да тартсын демеймін,

Оған тартса өмірі
Келген жаумен айқасып,
Көрген жаумен шайқасып,
Үй бетін көрмей кетеді.
Жәнібекке жиеншар
Абай менен Шәкәрім
Секілді болса жетеді!

Алашқа аты тараған,
Айбек деген жан ағам.
Ары қарай сөзімді тыңдаңыз,
Тыңдадым сізді манадан,
Бала деп кейде қаларсыз,
Өзімді бала санаман.
Жастау болып көрінсем,
Сүт кенжесі едім бір үйдің,
Өнеге алған әкеден,
Тәрбие алған анадан.
Кемпірменен шал көрсе,
Қабағына қараған.
Сол әдетім қалмады-ау,
Ақсақалы айтыстың –
Жүрсін деген көкемнің
Жәрдеміне жарағам.
Бұл кісіні де түсінем,
Жұмсайда кейде мынаған.
Баласындай болған соң,
Жұмсайды кейде анаған.
Айтысқа келсе жас бала,
Әуелі мені талаған.
Соларды сізге жеткізбей,
Оқтай қып сөзін өткізбей,
Араша түстім арадан.
Әңгіменің ашығы
Төрт-бес жылдай айтысып,
Шаршадым бала-шағадан.
Қашанғы бала болайын,
Отызға жасым таяған.

Ер Жәнібектің тойында,
Жоспарым бар ойымда,
Берік болса бағанам.
Арыстандарды көрсем деп,
Жолбарыстарды жеңсем деп,
Қызыл тілімді қылыш қып,
Жорыққа шықтым жаңадан!

Бір елге мен де сүйеумін,
Бір елге сенде тіреусің.
Бағанағы сөзіңе
Оралайын қайтадан,
Бір ұшы саған тірелсін.
Кім кімге күйеу болмаған,
Кімдер кімге шіренсін?!
Мысалы өзің Айеке,
Қайынжұрт көрген біреусің.
Шымкенттің жерінен
Қарындасымызды алып ең,
Сонымен өмір сүрерсің.
Қайнағаң отыр алдыңда,
Табаныңды қайда тірерсің?
Жасым кіші болса да,
Жолым үлкен емес пе,
Жөніңмен енді жүрерсің.
Сіздің жақта салт болса,
Шәй құямын десеңіз,
Біздің де дайын кесеміз,
Оны да көзге ілерсің.
Арғы жағын айтпаймын,
Күйеулігің қыстаса,
Сыпайылығың ұстаса
Қалғанын өзің білерсің

Айбек:

Еркештің көрмеймісің адасуын,
Қойды ғой тіпті бізбен санасуын.
Біз жақта шәйді келін құяды деп,
Есілдің әрең бердің қара суын.
Біресе аға, біресе күйеу дейсің,
Көзіңнің ойнақшытып қарашығын.
Осы ғой «шымкентский подход» деген,
Біледі қулықтың да бала сырын.
Керей менен Қаңлыны мақтай бермей,
Үш жүздің тілесеңші жарасымын.
Жүзшілдік, рушылдық емес пе еді,
Қазақтың құртып тынған бар асылын.
Қаңлы менен Керейдің арғы атасы,
Мен өзі нар қазақтың баласымын.
Атаңнан атам үлкен болғандықтан,
Менімен жөн болады санасуың.

Тағдырдың байқап тұрсам тезі мықты,
Батыр жайлы аңыз көп сөзі құтты.
Ер Жәнібек түйесін іздеп жүріп,
Жапанда жалғыз үйге кезігіпті.
Үйге кірсе ішінде жан адам жоқ,
Жантайып батыр сонда көз іліпті.
Ұйықтап жатса ысылдап үй ішіне,
Айдаһардың кіргенін сезініпті.
Жәнекең сыр берместен жата берген,
Қорықсын батыр кімнен, өзі мықты.
Сескеніп Жәнібектің жатысынан,
Айдаһар жөнін тауып безініпті.
Одан кейін есікті бұзып жарып,
Дәу аюдың келгенін сезіп ұқты.
Аю кеп Жәнібекті иіскеп, түртіп,
Батырдың мықтылығын тез ұғыпты.
Одан соң арыстан кеп төнген кезде,
Бетіне мұрты тиіп сезіліпті.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз