Қазанды төңкерме, теппе.
Қазақтың тыйым сөздері
- Кісіге қарап есінеме.
- Кісіге пышақ сұқтама.
- Кісіні айналма.
- Кісісі қайтқан үй көңіл айтуға келген адамдарды қарсы алмайды, шығарып та салмайды.
- Қазан ернеуін босағаға қарай қисайтып аспа.
- Қазанды ашық қалдыруға, төңкеруге болмайды.
- Қайшыны көк шөпке тастама.
- Қайықты теңселтпе.
- Қамырдан қуыршақ жасама.
- Қара жерге қазық қалдырма.
- Қара жерді жамандама, қайтып сонда барарсың, қауым елді жамандама, қарғысына қаларсың.
- Қара жерді қазулы қалпында қалдырма.