Кісісі қайтқан үй көңіл айтуға келген адамдарды қарсы алмайды, шығарып та салмайды.
Қазақтың тыйым сөздері
- Кісі төсегіне отырма.
- Кісіге қарап бала емізбе.
- Кісіге қарап бейберекет күлме.
- Кісіге қарап есінеме.
- Кісіге пышақ сұқтама.
- Кісіні айналма.
- Қазан ернеуін босағаға қарай қисайтып аспа.
- Қазанды ашық қалдыруға, төңкеруге болмайды.
- Қазанды төңкерме, теппе.
- Қайшыны көк шөпке тастама.
- Қайықты теңселтпе.
- Қамырдан қуыршақ жасама.