Қаршығаның етін жеме.
Қазақтың тыйым сөздері
- Қара, қызыл, ақ түсті шүберекті үй үстіне жайма.
- Қаралы елге тиіспе.
- Қаралы үйде дауыс көтеріп күлмейді.
- Қарлығаштың ұясын бұзба.
- Қарт адамның алдын кеспе.
- Қаруды адамға кеземе.
- Қатты сөйлеме.
- Қатын мен балаға сыр айтпа.
- Қатынға қатты сенбе.
- Қисынсыз сөз айтпа.
- Қой жүнін өртеме.
- Қойға қошқар салғанда, зекіп сөйлеме.