Көрпені теріс салма (яғни көрпенің тұйық жағын босағаға қаратып салма).
Қазақтың тыйым сөздері
- Көкөрім шыбықты сындырма.
- Көктемде жан-жануарға тиіспе.
- Көп сөйлеме.
- Көп ішінде жалғыз мақтанба.
- Көпке топырақ шашпа.
- Көптен дараланба.
- Көрпенің ірге жағын тұйықтап жатпа.
- Көршілердің тамақ әкелген ыдысын бос қайтаруға болмайды.
- Көршіңе жамандық ойлама.
- Күйеуіңнен бұрын жатпа.
- Күйеуіңнің ірге жағына жатпа.
- Күлге қарап дәрет сындырма.