Қонағыңды жұмсама.
Қазақтың тыйым сөздері
- Қолыңды айқастырма.
- Қолыңды артыңа қусырып жүрме.
- Қолыңды сермеп сөйлеме.
- Қолыңды таянба.
- Қолыңды төбеңе қойма.
- Қонағыңа ашуланба.
- Қонаққа кетік кесемен шай құйма.
- Қонақтың алдын орама.
- Қораға дәрет сындырма.
- Қотанға дәрет ұстатпа.
- Қотанда ысқырма.
- Құбылаға қарап дәрет сындырма.