Қазақтың тыйым сөздері
Қазақтың тыйым сөздері — әдеп, үлкенді құрметтеу, тазалық пен ысырапсыздыққа үйрететін халық тәрбиесінің мұрасы. Түсіндірмесімен. Барлығы: 745. 5-бет, барлығы 8 бет.
- Сарала қазға тиіспе.
- Саусағыңды шығарма, тарақтама.
- Саусағыңды, қолыңды орынсыз аузыңа салма.
- Семіз малды қуалама.
- Соғым малды қуалама.
- Сол қолмен тамақ ішпе.
- Су бастау, су көздерін лайлама.
- Су шашып ойнама.
- Суға дәрет сындырма.
- Суға қарай жүгірме.
- Суға түкірме.
- Суды сапырма.
- Сүттен жасалған тағамдарды жерге түкіріп тастауға болмайды.
- Сүтті отқа төкпе.
- Сүтті үрлеп ішпе.
- Сүттің бетін ашық қалдырма.
- Сыпырғышпен ұрма.
- Сырыңды көрінгенге шашпа.
- Табалдырыққа шықпа, босағаға отырма.
- Табалдырықты баспа.
- Табалдырықтың сыртында тұрып сөйлеме.
- Табаныңды тартпа, тізеңді құшақтама.
- Тамақ ішкен қолыңды сілікпе.
- Тамақ ішіп отырған кісіге тесіле қарама.
- Тамақ ішіп отырып тұрып кетпе.
- Тамаққа қос қолмен сұғынба.
- Таңдайыңды қақпа.
- Таяққа сүйенбе.
- Тәкаппар болма.
- Теріс қарап отырма.
- «Тойдым» деме, «қанағат» де.
- Тоқымды төсенбе.
- Төрге қарап жүрелеп отырма.
- Төсекте жылама.
- Тұзды баспа.
- Түнде бақырып жылама.
- Түнде жалғыз суға түспе.
- Түнде жүгірме.
- Түнде судың бетін ашық қалдырма.
- Түнде үй сыпырма.
- Түрегеп тұрып дәрет ұсатпа.
- Түсіңді аузы бейпіл адамға жорытпа.
- Тымақ үстінен тымақ киме.
- Тырнағыңды аузыңа салма.
- Тырнағыңды өсірме, тістеме.
- Тырнағыңды тістеме.
- Тізеңді құшақтама.
- Тізеңді, табаныңды тартпа.
- Тірі малға көрсетіп мал сойма.
- Тірі малдың етін кесіп алуға болмайды.
- Тісіңді қайрама.
- Уыздан соң іле суық су ішпе.
- Ұлыстың ұлы күні жамандық істеме.
- Ұрлық жасайтын, өтірік айтатын адамға мал жаюға болмайды.
- Ұрлық жасама.
- Ұя бұзба, жұмыртқаға тиме.
- Үй қожасы дәм татпастан бұрын асты жеуге болмайды.
- Үйге келген кісіге төрден орын беру керек.
- Үйге келген кісінің аяқ киімін тазалап, ол кетерде алдына қою керек.
- Үйге сыртыңнан кірме.
- Үйде өлік жатқанда, от жақпа.
- Үйде ысқырма.
- Үйді айналма.
- Үйіңе келсе, үйдей дауыңды айтпа.
- Үлкен адам алдында аяғыңды созып отырма.
- Үлкен кісіге бірінші сәлем беру керек.
- Үлкен кісіге сыртыңды берме.
- Үлкен кісіден бұрын дәмге қол созба.
- Үлкенге «сен» деме.
- Үлкенге қарсы келме.
- Үлкендердің сөзіне араласуға болмайды.
- Үлкеннен бұрын билік айтпа.
- Үлкеннен бұрын төрге шықпа.
- Үлкеннің сөзін бөлме.
- Шақырған жерден қалма.
- Шақырмаса, барма.
- Шалбарды басыңа жастама.
- Шаңыраққа сәлем бермей, кірме.
- Шапанды желбегей жамылма.
- Шаш пен тырнақты баспа, отқа тастама.
- Шашыңды жайма.
- Шашыңды, тырнағыңды өсірме.
- Шелектегі суға аузыңды батырма.
- Шошқа етін жеме.
- Шуылға шауып кірме.
- Шылым шекпе.
- Шырақты үрлеме.
- Ысқырма.
- Ыстық тамақты қомағайланып ішпе.
- Ішегіңді тартпа.
- Ішетін суға аузыңды батырма.
- Дастарханды, тамақты баспа.
- Кісі мініне күлме, кемтарға күлме.
- Малды, ыдысты, тамақты теппе.
- Суды сапырма, суға дәретке отырма, суға түкірме.
- Көкті жұлма, шашыңды жұлма.
- Босағаны керме, құшақтама.
- Үйді сабама, малды басқа сабама.
- Бейіт тұсынан шауып өтпе, жүгіріп өтпе.
- Бейітке қолыңды шошайтпа, оған қарап түзге отырма.