Көбікті төкпе, көпті сөкпе.
Қазақтың тыйым сөздері
- Кемтар адамға күлме.
- Кептерге тиіспе.
- Киіз үйдің шаңырағына салынған қарлығаш ұясын бұзуға болмайды.
- Киімді желбегей жамылма.
- Киімді теріс киме.
- Киімнің жағасын баспа.
- Көгенді аттама.
- Көзі соқырға жолдас болсаң да, көңілі соқырға жолдас болма.
- Көзіңді алайтпа.
- Көзіңді жыпылықтатпа.
- Көк шөпті жұлма.
- Көкөрім шыбықты сындырма.