Қара жерді жамандама, қайтып сонда барарсың, қауым елді жамандама, қарғысына қаларсың.
Қазақтың тыйым сөздері
- Қазанды ашық қалдыруға, төңкеруге болмайды.
- Қазанды төңкерме, теппе.
- Қайшыны көк шөпке тастама.
- Қайықты теңселтпе.
- Қамырдан қуыршақ жасама.
- Қара жерге қазық қалдырма.
- Қара жерді қазулы қалпында қалдырма.
- Қара суды сапыруға болмайды.
- Қара, қызыл, ақ түсті шүберекті үй үстіне жайма.
- Қаралы елге тиіспе.
- Қаралы үйде дауыс көтеріп күлмейді.
- Қарлығаштың ұясын бұзба.