Қолыңды айқастырма.
Қазақтың тыйым сөздері
- Қатынға қатты сенбе.
- Қисынсыз сөз айтпа.
- Қой жүнін өртеме.
- Қойға қошқар салғанда, зекіп сөйлеме.
- Қойға қошқар салғанда, қамшы көрсетпе.
- Қол жумай жозы қасына барма.
- Қолыңды артыңа қусырып жүрме.
- Қолыңды сермеп сөйлеме.
- Қолыңды таянба.
- Қолыңды төбеңе қойма.
- Қонағыңа ашуланба.
- Қонағыңды жұмсама.