Көп ішінде жалғыз мақтанба.
Қазақтың тыйым сөздері
- Көзіңді алайтпа.
- Көзіңді жыпылықтатпа.
- Көк шөпті жұлма.
- Көкөрім шыбықты сындырма.
- Көктемде жан-жануарға тиіспе.
- Көп сөйлеме.
- Көпке топырақ шашпа.
- Көптен дараланба.
- Көрпені теріс салма (яғни көрпенің тұйық жағын босағаға қаратып салма).
- Көрпенің ірге жағын тұйықтап жатпа.
- Көршілердің тамақ әкелген ыдысын бос қайтаруға болмайды.
- Көршіңе жамандық ойлама.