Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Тұзаққа түскен бұлбұлдан еркін жүрген торғай артық»

Төле би · 1 мин оқу

Той-тамашада бір жас келіншек төңірегінен именіп, өлең айта алмай отырады. Еріне жаутаңдап қарай береді. Күйеуі жайсыз, оған өлең айтуға тыйым салып қойған екен.

– Қыз кезінде алдына жан салмайтын әнші еді, енді суға түскен тауықтай боп отырғаны, – дейді Төлеге жақын отырған біреу сыбырлап.

– Тұзаққа түскен бұлбұлдан, еркін жүрген торғай артық, – дейді би.

– Ол не дегеніңіз, Төке?

– Торға түскен бұлбұл қайдан сайрасын?

Мұны есіткен әлгі келіншектің күйеуі Төле бидің алдына келіп, кешірім сұрайды.

– Биеке, түсіндім сөзіңізге. Бұдан былай бұл мінезімді тастайын. Келініңіздің беті ашық!

Шешендік сөздер

Барлығы: 103 шешендік сөз

Тағы оқыңыз