Жалғыз түп жиде куә болған дау
Төле би · 4 мин оқу
Төле бидің ұлдарының бірі Жолан кең даламен жатып, киімдері жыртық-жыртық мүсәпір қарт кісіге: сақалы ұйпа-тұйпа, жағы суалып, көздері қызарып кеткен:
– Ассалаумағалайкүм, ата жол болсың!
– Әлей болсын, шырағым. Мен де бір мүсәпір едім, сініп, бүгілген белін қолымен ұстап жерге отыра кетті. Жолына түсіп қасына келді.
– Ата, күн ыстық, жүріңіз, анау жиденің түбіне бара ғынан демей берді.
– Қарағым-ай, өзің қандай мейірбан бала едің, көп сол жиденің түбінен көрдім ғой.
Карт егіле жылап, екі қолымен басын ұстап, отырып қалды.
Жолан ер үстіндегі қоржынын алып, торсықтағы қымызын ішіп, шөлін басып, үһ деп демін алған қарт жиде саясына өткен жайды баяндады:
– Қарағым, балам, «өлмегенге өлі балық жолығады» жолыққаның жақсы болды, не істерімді білмей, есім шығып отыр едім. Өзім тақыр кедеймін. Бала-шағам көп. Көрші ауылда ұзатылған қызым бар. Үйде азығымыз таусылып, сол қызыма барып едім.
– Бала-шағам аш, ептеп-септеп азық бер, дедім.
– Жарайды, – деп күйеу бала мен қызым аздаған азық-түлік, киім-кешек тауып берді. Жаяу барған едім, жаяу қайттым. Қоржынымды ана-мұныға толтырып, иығыма асып, осы жерге азар деп жеткен едім. Мына жалғыз түп жиденің түбінде құр кұдық бар екен. Осында қондым. Қайғырып жатып, қалғып кетіппін. Біреу бассалып, тұншықтырып, катты соққылай бастады. Есімді жисам, қоржын жоқ. Жылап-жылап:
– Енді қайттім? Үйдегі аш, жалаңаш балаларыма қалай көрінем? Қызыма қайта барғаныммен, сыры мәлім, соңғы азығын аузынан жырып бергенін білем. Әбден масқара болдым-ау, айдалада ұйықтап нем бар еді? – деп қайғырып отырмын, балам.
– Ата, саспаңыз, бекер босқа жасып, жыламаңыз. Жасыңызды тыйыңыз. Бүл төңіректе біздің ауылдан басқа ауыл жоқ. Екеуміз мына атқа мінгеселік.
Ерге қартты отырғызып, өзі артына мінгесіп, ауылына келді. Ақ сақалы омырауын жапқан атжақты, қыр мұрынды, кең жауырынды, өткір жанарлы Төле би бар жайды ұйып тыңдап:
– Жарайды, қариям, қазір жұртты тегіс жинап хабарлаймын, – дейді.
Көп кешікпей ел жиналып, әділ бидің үкімін күтті.
Төле би орнынан тұрып, халық алдына келіп:
– Оу, жұртым, түгел жиналдыңдар ма? Бір кісі келмей қалмасын, – деді.
– Бәрі жиналды, биеке, – деп жұрт шулады. «Не болып қалды екен? Би бізді неге шақырды?» – деп бәрі аң-таң.
Төле би кедей, мүсәпір қартты алқақотан отырған жұрттың алдына шығарып:
– Иә, мүсәпір, сенің нең жоғалды? – деді.
Менің аш балаларыма әкеле жатқан азығымды, киім-кешегімді біреу құр құдықтың жанындағы жалғыз жиденің түбінде ұйықтап жатқан жерімнен ұрып-соғып, тартып ап кетті.
Жұрт тым-тырыс. Бәрі мұңайып, төмен қарап, үнсіз отыр.
– Уа, халқым, – деді Төле би. – Мына кедейді жылатпа. Сорлының киімі мен азығын бер. Бермесіңе шындық қоймайды. Біреуің ұсталасың. Ұсынған мойынды қылыш кеспейді деген, алғаным рас еді деп мойында.
Ешкім үндемеді:
– Жоқ табылғанша бір адамды босатпаймын. Бұл жерден бірде бірің кетпейсің.
Жүрт іштен тынып отыр. Ешқайсысында үн жоқ. Күн батуға таяды.
– Ойпырым-ай, иттің баласы-ай, қайсысы алды екен? Алған соң шынын айтпай ма? Жұртты босқа иіріп қойғаны несі? Малымыз, үй-жайымыз қараусыз қалды-ау, – деген секілді күңкіл шықты. Бірін-бірі түртіп, тілсіз ыммен сырласып жатқандар да баршылық.
«Мен алып едім» деген жауап болмаған соң, Төле би мүсәпір қартқа қарап:
– Сізді алғаш құр құдықтағы жалғыз жиденің түбінде тонады ғой. Қазір сол құдыққа жаяу барыңыз. Кімнің алғанын сол кұдық пен жалғыз түп жиденің өзі айтады. Оларда тіл жоқ емес, бар, – деді. Мүсәпір қарт топтан бөлініп, жаяу ұзай берді.
– Сіз барып келгеніңізше ешкімді үйіне қайтармаймын. Егер кететін адам табылса, жоғалған мүлкіңізді сол адамға төлетемін.
Жұрт бір-біріне қарап:
– Ол құдық пен жидеге қанша уақытта барып келе алады, ол қай жерде екен? Жаяу қашан келеді? Білетіндер бар ма? – десті күңкілдеп. Көп ішінде отырған мүсәпір қарттың киімі мен азығын ұрлап алған адам байқамастан:
– Ой, ол жиде мен құдыққа барып келгенше таң атады. Ұзақ жер ғой, – деп қалды. Кімнің аузынан қандай сөз шығады деп аңдып отырған Төле бидің жігіттері шап беріп ұстап, әлгіге:
– Тұр орныңнан! Мына жұртқа жауап бер! – деді. – Ұзақ жер ғой деп сен біліп айтып тұрсың. Оның мүлкін сенен басқа ешкім алған жоқ.
Төле би халықты үйлеріне қайтарып, кос атты қуғыншы жұмсап, кедей қартты алдыртты. Ұрыға:
– Бер мынаның мүлкін! – деді бұйырып.
– Алғаным жоқ!
– Қазір мынаны дарға асыңдар!
Екі жігіт білегінен ұстап сүйрей жөнелгенде:
– Ататай, алып едім, жанымды киыңыз, өлтіре көрмеңіз! – деп жалынды.
– Алған заттарымның бәрін қайтарайын.
– Ой, жазған, халықты кинамай-ақ бірден мойындамайсың ба? Шындық айтқызбай коя ма? – деді Төле би суық жымиып. – Саған берер жазам бар.
– Ататай, өтінемін, жанымды киыңызшы?
– Саған жазам, бұдан былай ұрлық істемеймін деген уәдеңді бер.
– Мақұл ата. Енді ұрлық істесем дарға асылайын...