Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Біржан сал

XIX ғасыр ақындары · 1 мин оқу

Біржан сал Қожағұлұлы 1834 жылы қазіргі Ақмола облысының Біржан сал ауданы аумағында туған. Орта жүздің Керей тайпасының Ақсары бөлімінен. Әкесі Тұрлыбай – қарапайым шаруа. Бозбала кезінен әнші-ақындарға еріп, тойларда ән салды; Шөже, Орынбай, Нүркей сияқты өнерпаздардан үлгі алды. Кейін өз әндерін шығара бастап, ел аралап өнер көрсететін өнерлі жастар тобын құрды. 1865 жылы Абаймен кездесуі оның өнерінің дамуына әсер етті.

Біржан салдан бізге қырықтан астам ән жеткен. «Біржан сал», «Айтбай», «Ғашығым», «Ләйлім шырақ», «Алтын балдақ», «Ақтентек» әндерінде махаббат пен сұлулық, жастық шақ жырланады. «Жанбота», «Адасқақ» әндерінде өзін қорлаған болыстардың озбырлығын әшкереледі. Ол суырыпсалма ақын ретінде де танылды; Сара Тастанбекқызымен айтысы қазақ айтысының классикалық үлгісі саналады. Осы айтыс негізінде М. Төлебаев «Біржан – Сара» операсын жазды. Ақан сері, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай Біржанның әншілік дәстүрін жалғастырды.

Өмірінің соңғы жылдары ауыр өтті: ру арасындағы тартысқа байланысты оны «есінен адасты» деп жала жауып, қол-аяғын байлап қорлады. Бұл қасірет «Теміртас», «Жамбас сипар» әндерінде көрініс тапты. Біржан 1897 жылы туған жерінде қайтыс болды.

XIX ғасыр ақындары

Барлығы: 15 тұлға

Тағы оқыңыз