Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жастар алдындағы сөз

Жамбыл Жабайұлы · 1846–1945 · 77 жол

А, Жамбыл! Кезің келді сөзің бастар,
Барынша құлаш созып, аяқ тастар!
Алдыңда жаңа өмірдің өркендері,
Өрімдей келіп тұр ғой сөзің қостар.
Айтқызбай саған тіпті ерік қоймас,
Еңбекпен еркін өскен мына жастар.
Еріксіз думанға да түсіп ең ғой,
Жастарға тəбəрігің бар ма тастар?

Ақтаршы сандығыңның аузын ашып,
Едің ғой тілдің кені болған нəсіп,
Бұлағы қара өлеңнің таусылар ма,
Қалмастан тым болмаса, бірер қасық?
Күйін шерт домбыраңның, таста əнді,
Қинамай – қол жетпеске текке жанды.
Тəспықтай шумақталған термең қайда?..
Сал соған, кəрі тілден тамыз майды.

А... у!.. Термемен сөзді бастайын,
Жас жігерлер алдында,
Топтан озған тарлан ең,
Шабысыңнан тандың ба?!
Тұяғың тозып, топай боп,
Китіңдеумен қалдың ба?!
Шаршы топқа түскенде,
Шабысы болар шалдың да!

Ой! Домбыра алып қолыма,
Он жасымнан сарнадым.
Дəл жетпіске келгенде,
Жүгірістен танбадым.
Бүгінгідей есімде:

Думанды жарып əнменен,
Семейге де барғаным.

Топтан озып онда да,
Бəйгінің алдын алғаным.
Алғаным құрсын, қайтейін,
Опасыз жалған сұм өмір,
Мені текке алдадың.
Бүгінгідей жиында,
Бір сағаттай болмадым.
Ұлы жарыс алдында,
Шырқата əнді салмадым.
Жоққа есеп жастардың,
Алдында Жамбыл болғаным.
Қиыстырып кестесін,
Əннің салып дестесін,
Тарихи жиын алдында,
Бəйгіні шауып алмадым.

Ендігі тілек біреу-ақ,
Қимылдап қал, тіл мен жақ.
Сөз танабын астарла,
Дəуірлеп өскен еңбекте,
Суыт шапқан еңбекке,
Жастарға тəбəрік тастарға.
Не қылса да Жамбылға,
Енді жастық кез келмес.
Жүрегінде сақтаулы
Асыл сөзі өзгермес.
Сендердікі бұл заман,
Оған талас сөз болмас!
Қорытса да қаншама,
Өзгеріп алтын жез болмас,
Аяққа шұлғау қылса да.
Асыл жібек бөз болмас,

Балшық қосып соқса да.
Дүррі гəуһар тас болмас,
Жамандық адам өзінен,
Болатындар жас болмас,
Қайшылай тасқа соқса да
Болаттың жүзі пəс болмас.
Тыңдап көр Жамбыл қартыңды,
Сендерден, сірə, кем түспес.
Жырдың асыл кенімін,
Айтысқандар менімен,
Талай-талай жеңілген.
Қыза шапса шын тарлан,
Жері болмас тең түспес.
Айғайласа шын ақын,
Əні болмас – ел білмес!

Жамбыл Жабайұлы өлеңдері

Барлық 96 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері