Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Алатауды айналсам

Жамбыл Жабайұлы · 1846–1945 · 44 жол

I

Түнеугүнгі кеткеннен
Ғали, жаңа келдің бе?
Алғадайдың мүрдесін,
Жол-жөнекей көрдің бе?

«Топырағың торқа боп,
Тыныш ұйықта» – дедің бе?
«Қалай қиып қалдырдың
Қарт əкеңді еліңде?»

Елжірейді өзегім,
Ауырады белім де...
Қаза болып көзелім,
Халім қиын менің де.

II

Алатауды айналсам,
Алғадайды табам ба?
Сарыарқаны сандалсам,
Саңылағымды табам ба?

Өлім деген у екен,
Мендей кəріп адамға.
Күнде үйімде күңіренем,
Көзіме жас алам да.

ІІІ

Құр сүлдерім, есім жоқ,
Жүріп тұрған десім жоқ,

Деп қараймын сəбиге:
«Игіліктің кеші жоқ!»

Бала қалды жетім боп,
Келін қалды жесір боп,
Біздей кəріп кісіге,
Көз салыңдар есіркеп.

IV

Темір өзек пенде жоқ,
Өлмес адам елде жоқ.
«Орынсыз деп өлімі»,
Ондай ойлау менде жоқ.

Көп жайланған жабының
Жал-құйрығы сұйылар...
Сол сияқты Жамбылдың
Жұқарыңқы түрі бар.

Көңілі бос – кəрінің,
Көкейлерің ұғынар.
Көтермей жан жалынын,
Көзден жасы құйылар.

Жамбыл Жабайұлы өлеңдері

Барлық 96 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері