Біржанның Шөже ақынмен қағысуы
Біржан сал Қожағұлұлы · 1834–1897 · 19 жол
Шөже:
Ай, Біржан, маған берші бір азды дат,
Аяңа жоқ нәрсенің бәрі де хат.
Сасық күзен секілді шақылдама,
Сенен бұрын туғанмын, тіліңді тарт.
Біржан-ау, осы емес-ті көрген жерім,
Еншалла, жаңылмаса көрген көзім.
Ұлмұлқұра деген алладан аят келді,
Соны тапсаң, сен мені жеңген жерің.
Біржан:
Жақынды алыс қылар жүрмеген соң,
Мереке – қызық болмайды күлмеген соң.
«Аталы сөзге арсыз таласады»,
Шөжеке, шорқақ едім білмеген соң.
Шөже:
Әкесі Қожағұл Ақсарыға үлгі берген,
Бұл неге теріс кетсін үлгі көрген.
Арсыз болса, жанжалға салар еді,
Бұ-дағы келіп қалды даңгыл жолмен, –