Ақанның дін туралы айтқаны
Ақан сері Қорамсаұлы · 1843–1913 · 6 жол
Дүниенің қызығын кешіп өтіп,
Тəттіліктің алмадық еш лəззатын.
Парһійзгар супылардың жолыменен,
Құдайға құлшылықта ғибадатым.
Айырушы Алла бар, не ғамым бар,
Адамның ішкі сырын, заһар, батын.