Разия деген қызға айтқаны
Ақан сері Қорамсаұлы · 1843–1913 · 18 жол
Слуши, скажу мен жүз бул ния,
Құрбыңнан артық тудың ақылың зия.
Мен сізді екі тілде мақтау үшін,
Келіп ем рашотпен шерле мния.
Əй, құрбым, формыңызды сыйғызайын,
Басы «Ре», ортасы «зи», аяғы «я»,
Үстінде киіп тұрған асыл көйлек,
Бір аршын дест руб матария.
Фаруана ғашық болып, түсер отқа,
Шын ғашық аямайды басын сотқа.
Ғашыққа дүниенің керегі жоқ,
Мал емес, бас байлайды расхотқа.
Кеудеме тиді қайғың атқан оқтай,
Риясыз отыр құрбың сабыр сақтай.
Есімнен айырылатын уақыт болар,
Талықсып, дене мұздап, тамыр соқпай.
Уағдаға қашан опа болар екен?
Болып тұр сырласқалы бір жыл аттай.