Жүсіп төреге
Ақан сері Қорамсаұлы · 1843–1913 · 8 жол
Жүсіп-ау, төрелік жоқ баяғыдай,
Дəражаң қара қазақ аяғындай.
Досыңды дұшпан көріп айбаттайсың,
Мінезің əзəзілдің таяғындай.
Жүсіп-ау, неше мысқал басыңда ми,
Айдаған мал, үстіңде тігулі үй.
Қиямет таразыны құрған шақта,
Айса, Ермек, Торытай болады би.