Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Конобалопқа

Ақан сері Қорамсаұлы · 1843–1913 · 20 жол

Конобалоп, ақсай бастың аяғыңды,
Түсірдің барымтаға таяғыңды.
К..ңе Есенбайым салды дүре,
Əзер болса бір бөлек саяғыңды.

Параны Шалабайдан оңдап алдың,
Басыңды бос мойныңнан қорғап қалдың.
Бозбала бет-ауызға сабағанда,
Ақшаңдап шолақ иттей жолда қалдың.

Шалабай, болыс болдың пара сайлап,
Соғыстың жеті ұлыңмен алақайлап.
Жақсылық пен жамандық тең бола ма,
Уағдаң құдай деген болды ыжалп.

Смағұл, айналайын алтыным-ай,
Бір құдай сақтай көрсін, жарқыным-ай.
Жанына жігіттерін ертіп алып,
Алды ғой ерлікпенен теңдігін-ай.

Смағұл, болғандайсың елге тұтқа,
Тұлпардың баласы едің мəлім жұртқа.
Иншалла, тиянақты жұрт кемесі,
Бір тоқтамай кете алмас Қазықұртқа.

Ақан сері Қорамсаұлы өлеңдері

Барлық 78 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері