Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тышқан мен жылан

Мысал әңгімелер · 1 мин оқу

Бір тышқан тамақ тауып жеп, ініне қайтып келсе, онда бір жылан жатыр екен. Тышқан одан қорқып, қауіп шығаруға батпай, ақыл сұрай өзінің қайғысын айтқалы көршілеріне барады. Ақылды тышқандар жиылысып отырып, кеңес айтыпты:

—Сен ол інді тастап, өзге ін қазып ал. Жыланның сенің інің ді тартып алғаны әділдік емес. Бірақ оған қылар еш айла жоқ, оған тиіп не қыласың? Мазасын ала берсең, сені жеп қояды. Оған ештеңе қыла алмайсың,—депті. Тышқан бейшара қайғырса да, үндемей қойыпты. Бірақ қалай кегін алуды ойлап жүріпті. Бір күні сейілдеп келе жатса, інінің аузында жыланның күншуақта жылынып жатқанын көріпті. Жанында бір кісі ұйықтап жатыр екен. Тышқан барып оның мұрнын тістеп алыпты да, жыланға қарай тұра қашыпты. Кісі оянып тұра қуып, алдында жатқан жыланды көріпті. Тышқаннан мұның зияны көбірек болған соң, кісі жыланды өлтіруге алданып қалыпты да, тышқанды қоя беріпті. Жыланды өлтіріп, әлгі кісі кетіп қалыпты, тышқан жылан нан осылайша құтылып, өз ініне келіп қайта орналасыпты.

Мысал әңгімелер

Барлығы: 47 мысал

Тағы оқыңыз