Тышқандар мәжілісі
Мысал әңгімелер · 1 мин оқу
Едендер астын мекендеген тышқандар мәжіліс ашыпты. Көр тышқан сөз бастапты:
—Қадірлі достар! Өміріміз мысықтан қорлық көрумен өту де. Тіпті тастай қараңғы түннің өзінде асханаға емін-еркін кі ріп, қалаған тамақтарымызды жеуден қалдық. Мысық түнімен көз ілмей, бізді аңдумен болады. Тіршілігімізді қайткенде қауіпсіздендіре аламыз, осы мәселе туралы кеңесейікші!— депті. Жиналған тышқандар қалың ойда қалған шақта, тыныш тықты бала тышқан бұзады:
—Алақай, сүйінші! Оның жолын мен таптым. Мысықтың мойнына қоңырау тағып қоялық, мысық қозғалған кезде қоңырау шырылдайды да, бізге белгі береді. Сонда қоңыраудың үнін ести сала, тығылып қаламыз. Жас тышқанның тапқыр лығы мәжіліске қатысып отырғандарға өте ұнайды. Тек кәрі тышқан біраз ойланып, тағы да сөз алады:
—Ұсыныс өте жақсы, орынды. Алайда сол қоңырауды мысыққа батылы барып кім байлайды, соны білгім келеді,— депті ол.