Бұлақ
Мысал әңгімелер · 1 мин оқу
Сарылдап ағып жатқан бір бұлақтың қасына бір қойшы келіпті де зарын айтыпты.
—Саған не болды,—депті бұлақ қойшыға жаны ашып.
—Өзен менің бір қозымды ағызып кетті, қозым оған не қылып еді, соған қайғырамын,—депті қойшы шағым айта. Бұған қатты ашуланған бұлақ өзенді жеріне жете сөгіпті. Өзінің елге жақсылық істейтінін айтыпты. Сонымен бір күні күн күркіреп аяқ астынан нөсер жайыпты. Сол-ақ екен әлгі бұлақ бұқан-талқан болып, арнасынан аса жөңкіліп ма ңайындағы тіршілікті түгел ағызып жоғалтыпты. Кешегі өзі аяған қойшыны үйімен, малымен бір-ақ құрдымға кетіріпті.