Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мақтаншақ бұғы

Мысал әңгімелер · 1 мин оқу

Ыстық күндердің бірінде әсем мүйізді бұғы бұлақтан су ішеді. Су бетінен өзінің дидарын көріп, көңілі тасып:

—Япыр-ай, мына мүйіз не деген әсем! Өз басыма да жақсы жарасады екен. Торпайсыз тоқал мүйіз хайуандар қалай күндейді екен мені көргенде. Мұндай сымбатты мүйіз жер бетінде тағы бар ма екен, сірә!—дейді мақтанып. Кенеттен дабырлаған дауыстар, иттің үргені естіледі. Тазы ерткен үш аңшы орманнан сау етіп шыға келеді. Бұғы да зыта жөнеледі. Бірақ біраз қашқан соң күтпеген жерде мүйізі ағаштың бұтағына ілініп қалады. Ары жұлқынып, бері жұлқыныпғ босана алмаған бұғыны қуып жеткен иттер тарпа бас салып алып ұрады.

Мысал әңгімелер

Барлығы: 47 мысал

Тағы оқыңыз