Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарғабойлы, Қазтуған (9-бөлім)

Қырымның қырық батыры · Мұрын жырау Сеңгірбекұлы нұсқасы · 2 мин оқу

Суы бұлақ мол еді,
Отырған жері сол еді.
Қазаншық деген су еді,
Суы артық сол еді.
Қарғабойлы батырдың
Отырған жері осы еді.
Серен деген бір қалмақ
Аттанып еді жетем деп,
Басып елге кетем деп.
Ол қалмақтың көңілі бар
Ноғайға қуып жетем деп,
Барсам олжа етем деп,
Бір мың кісі қол алып,
Қуған екен қол алып.
Жетеді қалмақ бір күні
Қарғабойлы хандарға,
Ноғайлы деген жандарға.
Қарғабойлы тұр екен
Жансыз алып далада
Біреу зарар қылар деп
Қатын менен балаға,
Болар деп ие қараға.
Жансызы келді бір күні
Бізге дұшпан келді деп,
Хабарла, батыр, енді деп.
Қарғабойлы шаптырды
Қазтуғанға жетің деп,
Барып хабар етің деп.
Келген болса Қазтуған,
Келе көрсін ер—деді,
Қарғабойлы батырың
Ноғайды жинап алдырды,
Ноғайға хабар салдырды.
Қазтуған ерге жіберген
Кісі де келіп жетеді,
Хабарды баян етеді.
Астындағы көк тұлпар
Тұрған екен белдеуде,
Шығып атты ерледі.
—Барайын оған мен,—деді.
Сандықтағы әр нәрсе
Бер алып маған киімді.
Жаудан қашу қиын-ды,
Шарайнаны ол алды,
Үстіне киер бұйым бұл алды.
Дулыға киіп басына,
Балдағы алтын беренді
Сандықтан тартып оны алды.
Он екі тұтам сұр жебе
Ер қасына іледі.
Атқа мінер шағында
Бәйбішесі бұл барды
Қазтуған ердің қасына.
Бәйбіше сонда сөйледі:
—Артық туған сұлтаным,
Шаршамады деп едің
Жүрсе де қанша тұлпарың.
Ақ сүңгіні қолға алып,
«Жау келді,—деп,—ноғайға»,
Қаның қашып долдандың.
Сіз кеткесін далаға,
Тұра алмады балапан
Баулы құстай талпынып.
Мынау сіздің ордаңыз,
Артыңда тұрған бұл бала—
Өзі нашар бір қара.
Ойламаңыз, ноғайлы,
Бірге туған бауыр деп.
Қызың жылап тұрғанда
Біреуі еріп бармады.
Қарғабойлы батырдың
Еш ноғай тілін алмады.
Әлдеқандай күн болар
Байқасаңыз, батыр-ай,
Біз болдық қой пақыр-ай.
Алай-бұлай іс болса,
Кім қорғар біздей пақырды-ай.
Иесіз қалып меңдеген
Ол бір айдың ішінде
Мен ғаріп едім шөлдеген.
Қанша күнде тап болар
Шұбырып кеткен ноғайың.
Қазтуған батыр сөйледі:
—Артық туған алғаным,
Көше берің, сіз,—деді,
Алыс емес ол шіркін,
Тек бір он күндей жер еді.
Келіп тұр ғой хабарға,
Бара тұр озып, сен,—деді.
Қазтуған батыр жөнелді,
—Барамыз жауға біз—деді.
Жиналып тұрған ноғайдың
Әскерімен ол жетті,
Күн-түн жүріп бұл жетті.
Серендейін қалмағың
Қалған екен жиналып.
Алдынан шығып Қарғабойлы
Қазтуғанға сөйледі:
—Қатар жүрген сыбайым,
Аман-есен келдің бе,
Сақтады ма Құдайым?!
Ноғай деген ел,—деді,
Балаға бірі ермеді.
«Барамын,—деп,—әкеге»,
Жылап келді-ау шырағым
«Жіберіп едім хабар» деп.
Мынау қалмақ біздерді
Қорқамын басып алар деп.
Тірі болса ол батыр,
Шақырғанға келер деп,
Дұшпанға қарсы көмек берер деп.
Мынау ноғай мол,—деді,
Бірлігі жоқ ел,—деді.
Ілгері таман барайық,
Қалмақтан хабар алайық,
Сенбейік біз бұларға.
Қарғабойлы, Қазтуған
Екі батыр жөнелді,
Ел қарасы үзілді.
Сол уақыт болғанда,
Көрінді қалмақ қарасы.
Жүз кісі алып қасына,
Серен деген қалмағың
Ноғайға қарап барады.
«Аз болса алмай нетем» деп,
«Хабар алмай неге кетем» деп,
Шыққан екен елінен,
«Басып жатқан ноғайды
Алып олжа етем» деп.

Қырымның қырық батыры

Барлығы: 153 жыр

Тағы оқыңыз