Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарғабойлы, Қазтуған (5-бөлім)

Қырымның қырық батыры · Мұрын жырау Сеңгірбекұлы нұсқасы · 2 мин оқу

Шұбырған елдің ізімен
Дөң үстіне келгесін,
Жан-жаққа көзін салады.
Бұлдыраған қараны
Алыстан көзі шалады.
Екеуден басқа қара жоқ,
Ашылды екеуінің арасы,
Біреуі бұған қарай жүрді шамасы.
Қасқайып келеді біреуі,
Сонда қызың кідіріп,
Атынан түспей қалады,
Күреңге мініп алады.
Жеке келді біреуі,
Көзін салып қараса,
Секілді бөтен реңі.
Қыздың келіп қасын-ай,
Сөйлей берді осылай:
—Жапанда жүрген ер,—деді,
Кім боласың сен?—деді.
Кім де болсаң, жарқыным,
Жауапты тез бер,—деді.
Мен қалмақ деген ел,—деді,
Қарғабойлы, Қазтуған
Екеуі басты дегесін,
Шабайын деп аттанған
Біз бір әскер қол,—деді.
Қарауыл едім мен—деді,
Айтшы, кім боласың, сен?—деді.
Сонда тұрып қызыңыз
Қалмаққа қарсы сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
—Мен ноғайлы деген ел,—деді,
Асылымды сұрама,
Емеспін болат құрама,
Қазтуған батыр мен,—деді.
Шамаң келсе, хабарла,
Аяма, қалмақ, сен,—деді.
Қарауылда жүр едім,
Артымда әскер мол еді.
Үш мың кісі әскермен
Қарғабойлы батырың
Ол да осында келеді.
Құмар болсаң, сен қалмақ,
Жақынырақ кел,—деді.
Беремін хабар десеңіз,
Жинап кел әскер, сен—деді.
Сонда тұрып қалмағың
Бір ауыз сөз сөйледі:
—Қапы болып қалмайық,
Алды-артымызды андайық.
Ноғайға хабар сен салып,
Қалмаққа хабар мен салып,
Екі жақтың әскерін
Бәрін бірге жинайық,
Қаруды мықты сайлайық.
Сонда қалмақ торығып,
Ұрысуға қорқып,
Дем ала алмай зорығып,
Қайтайын кейін мен,—деді.
Сонда қызың қарады,
«Кідіре тұр, қалмақ» деп.
Тастай беріп Торы атты,
Қалмаққа жақын барады.
Көлденең найза қолға алып,
Түсіруге қозғалып,
«Әскерге хабар салсын» деп,
Құр кетпесін бұл заңғар
Жаралы болып барсын» деп,
Ұмтылып еді мынау қыз,
Шауып қалмақ қашады,
Түсі кетіп сасады.
Қалмақтың істеп пайдасын,
Өлмейтұғын жерлерге
Қыз да сұқты найзасын.
—Бері кел, қалмақ, сен,—деді,
Қазтуған батыр мен,—деді.
Шақырмаймын әскерді,
Тап осы жерге кел,—деді.
Қайта барды қалмақтар,
Әр жерінен қан ағып.
Басылып тіске бармақтар,
Жалтақтайды қаранып.
Бір төбенің басында
Тұрып қалып қызыңыз,
Екі атты бердей байлады.
Айыл-тұрманын бекітіп,
Ұрысуға сайлады.
Мың кісімен ол қалмақ
Төбенің шықты басына.
Келейін деген ойы бар
Бұл баланың қасына.
Қалмақ хабар береді:
—Екі мың кісі әскермен
Қазтуған ерге жолықтым.
Ұрысып едім мен,—деді,
Оған шамам келмеді.
Жаралы болып жау жақтан,
Келгенім мынау жалбақтап.
Жіберді мені олжа ғып,
Әр жерімнен қан ақты,
Найзаменен шабақтап.
Астында бар-ды Күреңі,
Тайсалатын ер емес,
Таймайды ешбір жарағы.
Осы отырған қалмақты
Жеңе ме деп мен қорқам,
Талайының жетіп ажалы.
Қалмақ байтақ ел еді,
Онан бері жақындап
Жуықтау жерге келеді.
Мұны көрген батыр қыз
Астына менген Күреңнің
Жал-құйрығын өреді,
Жау қарасын көреді.
Көлденеңнен Күреңмен
Қиғаштай басып желеді,
Жауға қарап жүреді.
Алдынан шығып бұ қыздың
Бір қалмақ жақын келеді.
Қалмақ жақын келгенде,
Күреңнің басын тартады.
Тұра қалып қалмақтан
«Не сөзің бар?» деп сұрады.
Қалмақ сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
—Мен қалмақтың бегі едім,
Асыл туған ер едім.

Қырымның қырық батыры

Барлығы: 153 жыр

Тағы оқыңыз