Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарғабойлы, Қазтуған (7-бөлім)

Қырымның қырық батыры · Мұрын жырау Сеңгірбекұлы нұсқасы · 2 мин оқу

Қамшы салды төкпелеп,
«Асыл туған торы жорға ат,
Жүрісің сенің аз ба» деп,
Мінген атқа өкпелеп.
Көрінді Жемнің қарасы,
Қазбек, Қандыаралы
Көшкендегі жер тап осы.
Қандыарал деген дөң еді,
Асты-үсті жатқан жем еді.
Сол Мая сол қашқаннан
Сол жерге дейін жазбаған.
Суды ішіп Бозмая
Шөлі қанып бір тұрады.
Есіне түсіп ботасы,
Төңірекке қарай ыңыранды.
Жем беруге атына
Қазтуған да келді қасына.
Сауатын бұйым таппады,
Етігін шешпей қайтеді,
Етік демей сауғаны.
Иіді мая талтайып,
Сүтін ішіп қанады.
Тұсап қойып үш күндей
Батыр демін алады.
Төртінші күн болғанда,
Күн сәскеге толғанда,
Жетелеген торы атпен
Көрінді қыздың қарасы,
Білінді жердің шамасы.
Қатты жүрген қоя ма
Жақындап қалды-ау арасы.
Сонда өзінің қызы екенін
Танығасын Қазтуған,
Алдынан жаяу шығады.
Естігенде дыбысын,
Қыз да аттан түсе қалады.
Жақындасып келгесін,
Құшақтап алып әкесін,
Мойнына білек салады.
Қазтуғандай еріңіз
Құшақтай алды «балам» деп.
Сонда қызы жылайды,
Жылап тұрып толғайды:
—Айналайын, бабажан,
Ризамын Алла бергенге,
Сені көзім көргенге,
Тең болып едім өлгенге.
Көре алмай сені шөлдедім,
Жоқ болып ажал өлмедім.
Ағайын-туған болмады,
Тоқсан баулы ноғайда
Бір жаман еріп жүрмеді.
Қарғабойлы шақырып,
Ноғайлыға көп айтты.
Айтқан тілін алмады,
Бірі еріп бармады.
Анамнан басқа қара жоқ,
Жинаған дүние бұл қалды.
Жаңа кірді реңім,
Жасың үлкен бабамыз,
Сау-саламат жүрсің бе?!
Қуандым қатты, жан баба,
Сіздің көріп қараңыз,
Тілегім қабыл болды,—деп,
Жеткізді Құдай енді,—деп.
Сонда Қазтуған сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
—Омырауым ашып тұр,
Айналайын, жалғызым,
Аспандағы жұлдызым,
Су түбінде қол жетпес
Асыл едің құндызым!
Жалғыздық түсіп есіме,
Неше түрлі жас шықты,
Дөңгеленген көзіңнен
Айналайын, құлыным!
Қыз да болсаң ұлымдай
Сенен мұндай шығар деп,
Жоқ еді менің ойымда-ай.
Ризамын мен,—деді,
Сау-саламат келдің бе,
Қарағым, енді, сен!—деді.
Артыңдағы аман ба
Қамқор болған анаңыз?
Өзіңіз шығып кеткенше
Аман-түгел қалды ма
Жинаған дәулет қараңыз?
Неше күн болды шыққалы,
Қарағым, жалғыз баламыз?
Сонда қызы сөйледі:
—Айналайын, жан баба,
Мен шыққалы санасам,
Бір жиырма бес күн болды.
Жолда байтақ ел көрдім,
Хас қызықты мен көрдім,
Қалмақтан шыққан қол көрдім.
Бір мың кісі қол екен,
Аттанған қалмақ сол екен.
«Қарғабойлы, Қазтуған
Ол жерлерден асты» деп,
Естіген екен хабарды,
Іздеп соны барады.
Мың кісі ертіп шығыпты
Шабайын деп елдерді,
Аламын деп қараны,
Олжа қылып алуға
Қатын менен баланы.
Қарсы қалмақ тап келді,
Құба дөңнің үстінде
Қарсыласып кез болды,
Кімсің деген сөз болды.
Ойлап ақыл тапқаным,
«Қазтуған деген ермін» деп,
Атыңды, әке, сатқамын.
Жал-құйрығын бір өрдім,
Қамшы басып күреңге,
Қызығын жаудың мен көрдім.
Қарсыласып алғасын,
Қалмаққа салдым ойынды.
Талай жерден бунадым
Кеңірдек пен мойынды.
Қалмақтардың қан қылдым
Омырауын ашқан қойынды.
Жеті жүзін қырғасын,
Үш жүзі қашып құтылды.
Күні-түні алты күн
Ұйықтамай салдым соғысты,
Қалмақ сөйтіп тоғысты.

Қырымның қырық батыры

Барлығы: 153 жыр

Тағы оқыңыз