Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Манашыұлы Тұяқбай (5-бөлім)

Қырымның қырық батыры · Мұрын жырау Сеңгірбекұлы нұсқасы · 2 мин оқу

—Анау жатқан мал,—деді,
Малдың қасы жал,—деді,
Жал басына бар,—деді.
Үстінде тұрған қарасаң,
Көк ала туды байлаған
Ер қаруы—бес қару,
Асынып оны сайлаған.
Дәмең болса бара бер,
Төбеде тұрған Тұяқбай,
Тұяқбайды бар да көр!

Сонда:

Отызы бірдей ақырып:
—Тұяқбай үйде қалмасын,
Жасырып тұрма сен,—деді.
Сонда қызың сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
—Ақылсыз ноғай, сен,—деді,
Жасырамын ба мен!—деді.
Анау тұрған Тұяқбай
Өзіңмен қатар тең,—деді.
Еркек болсаң, еркекке
Бара берші сен,—деді.

Олар жөнеліп баратқанда, қыз өзінің шешесіне сөйлей бастады:

—Айналайын, анамыз,
Тұяқбайдай балаға
Осы қиын іс болса,
Тұтамай отқа жанамыз,
Алла болғай панамыз.
Құдай нашар қылған соң,
Неге келер шамамыз!
Арышлан, жәрдем бергейсің,
Көздің жасын көргейсің!

Ендігі сөзді Тұяқбайға кеткен отыздан естіңіз.

Шабуылды салады,
Шабуылды салумен
Тұяқбайға барады,
Жақындасып қалады.
Шапқан атты көрген соң,
Тұяқбай мінген Көк тұлпар,
Аспанға қарғып, тұрмады.

Сонда отыз кісі келіп:—Тұяқбай сен бе?—деді. Сонда Тұяқбай «мен» деп сөйлей бастады:

—Әкем еді Манашы,
Ащағардың бойында
Атаңа нәлет залым он бір би
Міндетке беріп кетіпті,
Қасында қалды анасы.
Ындыс деген кәпірге
Ұстап беріп кеткені,
Сөйтіп қорлық еткені.
Ұстап беріп кеткен соң,
Иесіз қалған қарасы,
Баласыз екен Манашы.
Сол күнде іште қалған
Мен едім соның баласы.
Сол себепті он бір би
Өлтірсем деп ойладым,
Өлтіріп кекті мен алдым,—
Деп бір сонда Тұяқбай
Тұлпарға қамшы салады.
Еті қызып жануар,
Аспанға қарғып ойнады.
Үстіндегі Тұяқбай
Көзі құрдай қызарды,
Құм сағыздай сазарды.

Сонда Әли тұрып сөз бастады:

—Ноғайлының баласы,
Аңғарыңыз сөзді деп,
Айтып тұр ғой өзі деп,
Тұяқбайдың бұл сөзі
Болып шығар жөн,—деді.

Ноғайлар кеңес құрды, бірінен-бірі «бұл қалай?» деп сұрады. Сонда «бұл қалай?» деп Орманбет бидің баласынан кеңес сұрады.

Әли сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
—Ай, жолдастар, жолдастар,
Бір жылы туған мұңдастар,
Бір сапарды қолдастар,
Біздің туған атамыз
Істегені қателік.
Бұл айтқаның сөз емес,
Тұяқбайдай қайсар ер,
Бізге болар ер емес!

Сонда Әлиге:—Өзің бар, не болса да Тұяқбайға айтып көр,— деді. Сонда Әли келіп, Тұяқбайға сөйлей бастады:

—Тұяқбай бала, ер,—деді,
Сабыр етші сен,—деді.
Мәжіліс құрып көруге
Сөйлесуге келдім мен,—деді.
Мынау тұрған он бір би
Оның болсын жазасы,
Манашыны өлтірген
Тартсын өзінің сазасын.
Кел, сіздің үйге кетелік,
Аз ғана ноғай еліміз,
Ұрыс ашып арада,
Құр жау болып нетелік!

Тұяқбай Орманбет бидің баласымен екеуі дос болады. Сонда бұлар барлығы Манашының аулына келіп түседі. Түсейін деп жатқанда апай аттан түсірмей қояды. Сонда қызың сөйледі:— Аттан түспе Тұяқбай, асылы туған сен,—деді, аттан түспей тұра тұр, не бұйырсаң да істейін,—деді,—тұра берші, сен,—деді. «Қызметің етем» деп жүгіре берді, апасы тарта берді табағын, табағын тартып болған соң, жиналып ноғай атымен, сонда келіп барлық жан «енді жаман болмас» деп, жеңгесімен қолдасты, «рұқсат» деп жолды ашты.

Қырымның қырық батыры

Барлығы: 153 жыр

Тағы оқыңыз