Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ер Тарғын (10-бөлім)

Ер Тарғын · Қазан басылымы, 1913 · 3 мин оқу

Тарғын мұны айтты да:—Жаудың қашатұғын айласы осы, кет, көзіме көрінбе,—деді. Тарғынның бұ сөзіне ханы, халқы қорықты. Ханзада хан айтты:—Олай болса, райыңыздан қайтыңыз?—деді. Бұл Бұлғыр тауға сені жалғыз тастап кеткендігімнің ұятынан Ақжүніс сұлудың үстіне саған жалғыз қызымды берейін,—деді. Және жұртымның саған бармаған айыбы үшін қолыңды бер!—деп, қолын алды. Сонан соң бұ батыр райынан қайтты да, Ханзада ханның ордасына келді. Бірнеше күнде белінің ауруы бітіп жазылды. Баяғы келіп жатқан қалмақ Тарғынның келіп жатқанын білмеді. Қызын бермеген соң, атқа мініп, ханның елін шаппақ болып, барабандарын соғып, ханның үстіне келді.

Жау келгенін білген соң,
Бұл әскерді көрген соң,
Сары ала туы салбырап,
Сауытының шашағы
Тұс тұсына саудырап,
Қабағына қар жауып,
Кірпігіне мұз тоңып,
Жаурыны жазық, мойны ұзын,
Атарына қолы ұзын,
Құланды қақтан қайырған,
Егескен ханды елінен
Алтын тақтан айырған.
Ертеңнен салса, түске озған,
Ылдидан салса, түске озған.
Оза-оза зырлаған,
Басын тартса, болмаған,
Көк айыл болып көпірсе,
Айшылықты алты аттауға ойлаған.
Артынан қиқу таянса,
Қара терге боялса,
Дамбауыл көрсе қарғыған,
Қарғи барып атылған,
Атыла барып тік түскен.
Аяғының даңымен
Қазандай тасқа жік түскен.
Томаға көзді Тарланды
Жауға қарай тебініп,
Жалмауыздай емініп,
Толып жатқан әскерге
Келді Тарғын желігіп.
Алты құлаш ала атпен,
Үсті толған болатпен,
Сайдан шыққан құла атпен
Көңілін тоқсан бөледі.
Бұ да айтулы ер еді,
Келе жатқан Тарғынды
Сонда байқап көреді.
Қалмақ тағы болмаған,
Домбауыл деген бір жайсаң
Жекпе-жекке Тарғынға
Соғысуға келеді.
Келе қалмақ сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Алайын десем, оңайсың,
Алмайын десем, тоғайсың.
Айтшы маған жөніңді,
Нағылып жүрген ноғайсың?
Сонда Тарғын сөйлейді,
Сөйлегенде бүй де йді:
—Асудан асу бел—дейді,
Аса соққан жел,—дейді.
Сұрасаң жөнімді айтайын,
Әкең Тарғын мен,—дейді,
Іздегенім сен,—дейді.
Еркек қара қарғадай,
Қоқаңдаған өлім құл,
Сен де бір жүрген ер,—деді,
Қағысалы [қ] кел,—дейді.
Домбауыл сонда сөйлейді:
—Асуда асу бел,—дейді,
Аса соққан жел,—дейді.
Қарсы алдыңнан қарасам,
Жасың кіші жас ұлсың,
Кезегімді бер?—дейді.
Толғана мойнын бұрады,
Алдадан пәрмен сұрады.
Қашатұғын қатын ба,
Сасатұғын сарсаң ба?
Кезегім бер деген соң,
Қасқайып қарап тұрады.
Атаңа нәлет, ит қалмақ
Қорамсаққа қол салды.
Суырып алған қу жебе,
Көп оғына жол салды.
Кезегендей қалады,
Созағандай алады.
«Тарлан аттың басы,—деп,
Алтынды ердің қасы,—деп,
Қақ жүректің тұсы,—деп,
Өлер жерің осы,—деп,
Толғанып тұрған Тарғынды
Толғап атып салады.
Кірістен шығып кетеді,
Тарғынға таман жетеді.
Тоғыз қабат торғауыт
Сегізінен өтеді.
Жытыла жазды сауыттың
Қатарлатқан жағасы.
Қабыл еді Тарғынның
Ежелден бермен тобасы.
Өтер еді мұнан да,
Жібермеді бұл оқты
Сиынып жүрген Тарғынның
Бәтуаші бабасы.
Сонда Тарғын сөйлейді:
—Атаңа нәкес, ит Домбауыл,
Атың мінген күймелі,
Ақ сауытың түймелі,
Кесілмесем қарымнан,
Айрылмасам барымнан,
Қасқайып қарсы тұр солай.
Мен тартқан соң көрсетпен,
Бәлем, саған дүниені-ай!
Желігіп келген Ер Тарғын
Жарандар қамын жей берді.
Қорамсаққа қол салды,
Бір салғанда-ақ мол салды.
Кезегендей қалады,
Созғандай алады.
«Алаша аттың жасы, деп,
Қалмақы ердің қасы, деп,
Қақ жүректің тұсы, деп,
Өлер жерің осы, деп,
Толысып келген қалмақты
Толғап Тарғын салады.
Зырқырай оғы кетеді,
Қалмаққа таман жетеді.
Көкірек қысқан көбеден,
Қалмады қабыл жебеден,
Зырлауменен өтеді,
Бұған тоқтар қайрат па,
Мұнан да өтіп кетеді.
Бір төбеге жетеді,
Төбені төңкере тастай кетеді.
Атқан оғын көрген соң,
Мықтылығын білген соң,
Аттанып келген әскердің
Көңіліне қайғы бітеді.

Ер Тарғын

Барлығы: 23 жыр

Тағы оқыңыз