Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қорқыт (6-бөлім)

Аңыздық жырлар · 2 мин оқу

Сорлының сөнді сол кез түр-сыңайы,
Тарылып бар дүниенің кең сарайы.
«Алайық, ана жерде Қорқыт отыр»
Дегендей демігеді бар маңайы.

Шөп те, ағаш жыбырлайды сол айнала,
«Бармайсың ешқайда,—деп,—жақын қаза».
Салбырап тұлымшағы бәле қаптап,
Сол кезде, тіпті, жаман кетті маза.

Байланып, қаңтарылып, көніп жауға,
Көз тігіп бұлт асылған асқар тауға.
Отырды жоқтау күйін бітіре алмай,
Арнаған құс қанатты қызыл нарға.

Кете алмай сарнай жылап, отыр қимай,
Күйменен бірге төгіп жасын тыймай.
Күңірентті жан шыжытып жапан түзді,
«Жалғанға жан едің,—деп,—жүрген сыймай!»
Қопарып қабырғасын төкті зарын,
Алған соң сарын билеп ықтиярын.
Қалдырып қалай кетсін, күні кеше
Ыршыған оқ жыландай жануарын.

Деді:—Мен өкінбеймін келгеніме,
Дариға-ай, жетсем болды дегеніме.
Бірі едің екі көздің, кез кеп қалдың,
Аңдысқан қу өлімнің көгеніне.

Қалдырып кетем сені бір-ақ адым,
Ермейсің қарға адым жер жез қанатым.
Тістерің сом балғадай, саурың айдай,
Қаруым, балдағы алтын, ақ болатым.

Бір күнде боран-дауыл, жел боп ұштым,
Бұл жерде қасірет киіп, қайғы құштым.
Қайырылып шалқасынан сынды қанат,
«Енді мен қайда барам, жалғыз достым?!»

Жерлерден нелер дүлей, тентек шалыс,
Демедің өттің басып жақын-алыс.
Ерігіп бой көтеріп құланмен де,
Сан салдық Сарыарқада атой жарыс.

Мұны айтып аңқытты күй аңыратып,
Дүниенің сай-сүйегін сырқыратып.
Шуылдақ жыныс тоғай, бітік орман,
Дыбысын бәрі қойып, қалды қатып.

Сыпыртып сипаттады қызыл нарын,
Қобыздың құдіреттентіп сарнағанын.
Құтыртып, құйқаңдатып ырғытты кеп,
Жерлерден жан қысылған қарғығанын.

«Сонау бір Мәлік кемпір кезеңінде,
Басыңды сонда тартып тежедім бе?
Үдіре, тап осылай тартып ең»,—деп,
Саусағын бүгжеңдетті безеді де.

«Ғажайып қаптағанда иін тіреп,
Күрсілге басып ең,—деп,—былай шіреп».
Бос қылын егеп-егеп жібергенде,
Дүние кетті сол кез ду-дүркіреп.
Аңырап, атылды күй көкке шалқып,
Жалыны жер жаһанға-ай түгел шарпып.
Үзілмей тіркес-тіркес кетіп жатты,
Өлімге әурелеген қарғыс айтып.

Шыңдарға шыр айналып бұлттар шөкті,
Арманын мұхит, дария суға төкті.
Күн бетін күңгірттентіп қан талатты,
Көргенде қасірет тартқан мүгедекті.

Қарағай тәңірсінген мылқау-тентек,
Бұтағын ербеңдеттің қысқа келтек.
Қоянның жаңа туған көк көжегі
Құлағын қалқаңдатты селтек-селтек.

Кеткен соң топаңдап күй асау-алуан,
Ыңыранды даңғой аю, долы қабылан.
Бір-бірін жолбарыстар түрткіледі,
Дегендей: «күресейік, кел, палуан».

Қабыландар арыстандай күрілдетіп,
Тасқа ұрып тоңқалаңдап дүр-дүр етіп,
Мінезбен нойыстанған ну теректі,
Соғып жүр кеудесімен күтірлетіп.

Теңселіп, сілкіндірді тау еңсесін,
Мылқау құз айтты өзінше бірдемесін.
Сүзісіп арқарлар да бақ-бақ етті,
Тілі жоқ, одан басқа ол не десін.

Алтын көз көк қырандар керді қанат,
Белгісіз шықты аспанға, қайда барат?
Алысып ардаң-күрдең көк бөлтірік,
Қыңсылап, арыс-арыс етіп асай қабат.

Теп-тегіс сол күнгі замананы,
Күрсінтті жанмен жанып аңырағаны.
Бұлдырлап соның бәрі өте шықты,
Қорқыттың шешілген жоқ өз арманы.

Күңіренткен желмаяның аруағын,
Осылай боп қалған екен жоқтау зарың.
«Заманның ай-күніне куә бол!» деп,
Тозған жоқ ел есінде аңырағаның.

Сусындап, тойып алып ащы зардан,
Үмітін біржола үзіп қызыл нардан,
«Кетейін, безейін»,—деп жүре берді,
Көп ажал, қырық мың өлім осы арадан.

Еңіреп бірнеше күн толқып-толқып,
Өлімнен нарын алған қатты қорқып.
Армансыз боздап-боздап алды дағы,
Баяулап жылжи берді желмей, жортып.

Аңыздық жырлар

Барлығы: 81 аңыз

Тағы оқыңыз