Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қорқыт (4-бөлім)

Аңыздық жырлар · 3 мин оқу

Ай өтті, жылдар кетті, мезгіл ұзақ,
Кеткенде мұрт ұзарып, шаш пен тырнақ.
Күні кәрі жолдасы өлім кеп тұр,
«Дос болам, барар орның,—деп,—ұжымақ».
Қобызға салды қолын бар қаруы,
Серігі елі-жері жан бауыры.
«Ақырғы қоштасарым тірлікке»,—деп,
Көтеріп кетті тағы күй дауылы.

Қобызы күж еткенде, шегінді өлім,
Бір минут тыныстады, болды көрім.
Айбынды, айбарлы күй созылғанда,
Болса да тұра алмады көкжал бөрің.

Қорықты, күйден өлім сезді Қорқыт,
Жатса да, күй қолында жүрсе жортып.
Сып етіп күй тынғанда, жетіп келіп,
Кетеді күй қозғалса, кейін қорқып.

Аңдысып жүрді екеуі заман талай,
Көріне сөзге келіп шабаланбай.
Алмады, алдырмады, болды сырлас,
Дегенмен ере берді өлім қалмай.

Сол бетте Қорқыт айдап қырға барды,
Қырдан да әрмен өтіп Сырға барды.
«Өлімді адастырып кетемін»—деп,
Алатау, Алтайды да қырқалады.

Бір қатар Қорқыт жортты ылди мен өр,
Демеді, өтті басып босаға-төр.
Аты бар «Қорқыт» деген тасқа жазған,
Кездесе берді алдынан қабыр мен көр.

Ғаламын қойған Алла бәрін көр ғып,
«Бермейін жанымды,—деп,—тіпті қор ғып.
Сұлтанын Әзіреттің шөліне»,—деп,
Желдіртіп желмаямен жөнелді орғып.

Сұлтанға келді, жетті, көлді шеттеп,
«Енді өлім тартынар» деп кейіншектеп.
Бәрі көл, айналасы сасыған жын,
Өкінді келгеніне «Әзірет» деп.

Қорқытты өлім алды сонда иекке,
«Бағын,—деп,—келе ғой, тоқта Құдіретке».
Қобызға аңсары ауып бұрды бетін,
—Ажал,—деп,—берген пайдаң көп үмметке.

—Нанбаймын, жарамайды, Қорқыт, осың,
Жоқ шығар қырық жыл ерген мендей досың?
Сұраймын қобызыңды, тартқанды қой,
Көргенде қастығымды, сонда шошын.

—Өлім-ау, әділ болсаң, алам неңді,
Құнды боп өлтірдім бе мен әкеңді?
Қырық жыл қудың талмай, сенем қалай,
Ап-айқын алдайтының, малғұн, енді.

Мен жүрмін елден безіп, сенен үркіп,
Шығып тұр «өлім» деген исің мүңкіп.
Қосылып Ғазірейілмен обал демей,
Талайдың қорқыраттың қанын бүркіп.

Тоймайд,—деп,—қан мен жанға ол жалмауыз,
Біздің ел қылатұғын бір сені аңыз.
Дос түгіл, маңайыңа тақалмаймын,
Егерде тап сол залым болсаң нағыз.

Ғаламды жаратқанда үлкен Құдай,
Келмепті бір тілекте барлық ыңғай.
Бірімен-бірі қарсы арпалысып,
Мен көргем жатқандығын ерке жұбай.
Бағынбай, күш кеткенше күресуде,
Өзің шеш, мағынасын неге бұлай?!

Мөлшерсіз сонау-сонау аспан теңіз,
Ол кіммен жаралып ед басында егіз?
Күш алып ай, күн, жұлдыз сол шолпаннан,
Пайдалы болып отыр жерде семіз.

Тартылсын, оларда жоқ әзіл мен наз,
Қарсы ғой күз көктемменен, қыс пенен жаз.
Тарихын осылардың білемін деп,
Өліммен боп келгенмін өмірі араз.

Бірақ та құтылмаймын, барам жерге,
Тап сендей жанды берем жемеңгерге.
«Қорқыттың қашқан жолғы олжасы» деп,
Мен өлем, қалсын белгім, қалсын елге.

Өлім де осы кезде жақын келіп,
Қалыпты тұрғанында кінә теріп,
Алдырмай қолға қобыз қапылыста,
Өтпек қой жан шығардан бір-ақ періп.

Қорқыт та аңғалданбай, қобызды ұстап,
Тұр еді: «Қалмайын деп қапылыстап».
Қобызын тарта жылжып жүре берді,
Дауыстап өлім қалды: «Сөзім тостап».

Қобызын тағы кетті күжілдетіп,
Айтпайды бара жатыр қайда кетіп.
Арманын табар ма екен әлі біраз,
Сорлыны кездірейін күңірентіп.

Не істеп жүр түсінбедім Қорқыт осы,
Бетіңмен адам жоқ қой деген жосы.
Мен білсем, ертеңгі күн босқа өлетін,
Қолынан түк келмейтін жанның босы.

Жоқ әлде қала ма екен өлмей, тірі,
Қурамай өмірінің қызыл гүлі.
Жануар, мақұлық ғалам бас исе де,
Қорқытқа ұнамайды Құдай кілті.

Өзінің күнде кез боп өз қабыры,
Қалады қай жерінде жан сабыры.
Құты орнап, жүдеушілік осы кезде,
Самайдың бадырайды бар тамыры.

Аңыздық жырлар

Барлығы: 81 аңыз

Тағы оқыңыз