Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қабылиса мен Таутан қыз айтысы (3-бөлім)

Қабылиса Асанұлы, Таутан қыз · 2 мин оқу

Қабылиса:
Қырық жаңғақ дегенің қырық парыз,
Мойныңа оқымасаң, болар қарыз.
Мың бұтағы шариғат әмірі-дүр,
Обалы сол – күтпесең, айттым нағыз.

Таутан:
Айналар өз-өзінен бір диірмен,
Шығардым бір ағашын бір бүйірінен.
Ішінде қылдан нәзік бір жібі бар,
Шіркінді әбзәл ғылып кім иірген?

Қабылиса:
Кей адам ұйықтаса, пырылдаған.
Айтысам десең еді бұрын маған.
Халім келсе, шешейін, Таутан бала,
Бұл жұмбағың мәшине дырылдаған.

Таутан:
Жансызда төрт аяғын басып тұрған,
Алдына қаһар отын шашып тұрған.
Айналып мәшинесі келгенінде,
Кісіні жанындағы асықтырған.

Қабылиса:
Сөзімнің байқа, Таутан, қарауылын,
Айтасың жұмбақтардың бар ауырын.
Мейлің жақтыр, мейлің жақтырмағын,
Бұл айтқан жұмбағыңыз самауырын.

Таутан:
Жансызда төрт аяғын тұрды басып,
Шұп-шұбар омырауын қылды қасып.
Қабеке, осынымды ойламай тап,
Анда-санда қояды аузын ашып.

Қабылиса:
Жақсы мерген Арқадан аң атты ма?
Бозбалалар, қараңдар, таң атты ма?
Ойламай-ақ табармыз тіршілікте,
Бұл жұмбағың шешуі: сағат-нама.

Таутан:
Бес өзен ағып жатыр әрбір сайдан,
Дарағы отыз екі мәуіланнан.
Қабеке, ақын болсаң, ойламай тап,
Он жеті жерде тоқтап, аялдаған.

Қабылиса:
Бес өзен бес уақыт намаз болар,
Дінін күткен махшарда сабаз болар.
Бесеуінің он жеті парызы бар,
Сүндетін бірге қосып оқымасаң,
Сауабы намазыңның ғазал болар.
Қартайған уақытта кез келмесең,
Жұмбақты шеше алмасам, кім мәз болар?

Таутан:
Бір адам жүр алтынды киік бағып,
Мойнына үш жүз алпыс арқан тағып.
Екі ұры аламын деп күнде аңдиды,
Бекіттім төрт жүз қырық төрт қазық қағып.

Қабылиса:
Жаныңа ие адамың анаң болар,
Анасыз көрген күнің қараң болар.
Үш жүз алпыс арқаның – жыл он екі ай,
Мұны тапқан Қабекең кімің болар?

Екі нәпсі – екі ұры – білсең таңып,
Тірі болсам, табамын жұмбағыңды.
Төрт жүз қырық төрт сүйек бар, ұққын анық,
Таутан бала, бәтемді ал, тілімді алып.

Таутан:
Құдайдың жаратқаны бір бәйтерек,
Төрт бұтақ ол теректе болса керек.
Төрт бұтақта және бір-екі бұтақ,
Қабеке, ақын болсаң, тапсаң керек.

Қабылиса:
Бір бәйтерек дегенің Мұхаметім,
Үш жасында анадан қалған жетім.
Төрт бұтағы − сүйікті төрт жары дүр,
Пайғамбарым қорғайды кеп үмметін.
Екі бұтақ − Хасен мен Құсайын-дүр,
Таутанжан, меніменен кеңесің құр.
Мен таппаған несі бар, ойлап қара,
Нұсқаға мен көрсеткен мойныңды бұр.

Бар екен отыз үш мың сахабасы,
Қабекеңнің алпысқа келген жасы.
Қабибі – бір Алланың сүйген досы,
Екі мысқал пәниде ішкен асы.
Намаз оқып, ораза тұтпаған жан,
Таутан бала, ойласаң, адам насы.
Зекет, қажы, иман білмек парыз болар,
Он екіге ілініп, шықса жасы.
Қыз балаға болады тоғызында,
Тағаты кем болмайды, болса, ұрғашы.
Лағанат қамытын кигеннен соң
Ғазәзіл адамзаттың болды қасы.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз