Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мұхамеджан мен Дәулеткерей айтысы (6-бөлім)

Мұхамеджан Тазабеков, Дәулеткерей Кәпұлы · 2 мин оқу

Түпкі ойын бұл батыстың кім ұғып жүр,
Дәулеткерей соны айтпай құмығып жүр.
Солардың тоқпағына түсіп алып,
Ішімізден кей топтар булығып жүр.
Демократия біздегі дәрменсіз деп,
Үй ішінен үй тігіп жын ұрып жүр.
«Ақ жол» деп ай жарықта ұран салып,
Құбыласынан жаңылып құбылып жүр.
Өкіметке өкпелеп кінә артқанмен,
Өздерінің ісі де былығып жүр.
Қылмысын қылға тізіп тексергенде,
Бастары тауға мен тасқа ұрылып жүр.
Жан сауғалап шетелдің елшісінің,
Аяғына бас ұрып жығылып жүр.
Жазалаудан қорыққан жас баладай,
Өзгенің етегіне тығылып жүр.
Күн туғанда өз елін сата салып,
Басқаның кеудесіне жылынып жүр.
Жұрт байлығын басқан соң әбден бүгін,
Тақымдары тақты аңсап құбылып жүр.

Жерге жұмақ орнатар деймісіздер,
Құр, әйтеуір, билікке құнығып жүр.

Батыстың сақта құдай жаласынан,
Шығыстың сақта құдай табасынан.
Президент те ел жұрттың перзенті еді,
Өлгенше өз жұртына жан ашыған.
Қанаттыға қақтырмай қазағымды,
Жарақтыға тап қылмай бел асырған.
Еркелеп жүрген ерлер аз ба бүгін,
Елбасы арқасында бағы ашылған.
Соның бәрін шығарып санасынан,
Жаңылып жүргендер бар тобасынан.
Алдағаны ағасын көрініп тұр,
Алмағаны болмаса жағасынан.

Елбасы – расында дара тұлға,
Кенде болып көрмеген әлі ақылға.
Әбілиязов, Жандосов, Жақиянов,
Жүруші еді нөкерлердің санатында.
Бәйменов пен бизнесмен Бутия да,
Президенттің паналаған қанатында.
Елбасы ертіп жүріп есейткендер,
Дайындалып жүр балтырын қанатуға.
Мылтық атып үйреткендер мерген шығып,
Машықтанып жүр өзін дәл атуға.
Кешегі Абай айтқан тағы бүгін,
Бас-басына би болып баратыр ма?
Бірін қазақ бірін дос тұтпаса егер,
Қайтадан айналармыз қара құлға.

Көрініп талайлардың жеңсік пейлі,
Қоқысқа жерімізді берсек дейді.
Парламентте көтеріп бұл мәселені,
Біз бұған үлкен көңіл бөлсек дейді.
Моңғолия ап қояр деп асықпасаң,
Ойлануға уақыт беріп өлшетпейді.
Жәкішев деген мырза жан ұшырып,
Жүгіргенде өкшесін көрсетпейді.
Атамның сүйектері жатқан жерге,
Атомның қалдықтарын көмсек дейді.

Жәкішевтер жігіт екен өзі атпалдай,
Бірақ та суық екен сөзі ақпандай.
Қырық миллиард елге пайда келтірем деп,
Желпінеді қамыстан қаз атқандай.
Қалдықтан залал жоқ деп зар қаққанмен,
Артында жатқан оның азап қандай?
Қалта қамын ойлаған қайраткерлер,
Қамығып бұлай айтқан қазақ қалай?
Сол жайында Дәулетжан, сөз айтайық,
Құр мұсылман боп халыққа мазақ болмай.
Жердің астын бүлдіріп, ал ауаны,
Таза ұстаймын дегені ғажап қандай.
Өзекті мәселені бұлай шешу,
Тезекті зәрмен жуып тазартқандай.

Дәулеткерей:

Көрген соң шаппа-шаптың тығырығын,
Мұхамеджан бастады «ұлы» жырын.
Мен өзіңді дос көріп сын айтып ем,
Жарамайды дәл осылай бүлінуің.
Әрине бүтіндігін ойлап жатсың,
Тәуелсіз Қазақстан тұғырының.
Сол тұғырды сақтайтын қалың қазақ,
Танытпаса ішінен ірілігін.
Ішінен ірір болса ірілігің,
Өлерсің ажалыңнан күні бұрын.

Биліктің ұстағандар бек тұтқасын,
Қарапайым ел жайын көп құптасын.
Шенеуніктер шетінен ауысқанда,
Иманын қаншама ердің еттік қасым.
Бүйірінен Тоқаев түрткен жандар,
Үйірінен бөлініп шет шықпасын.
Бақ та, тақ та мәңгілік мәселе емес,
Кеткен жандар көңілге кек тұтпасын.
Саясат ауа райы сан құбылып,
Сандалған сорымызға соқтықпасын.
Әйтеуір ұлтым үшін бізден тілек,
Саяси ойындардан от шықпасын!
Өрелі ой жамағатқа өрістемек,
Жайым жоқ жолыңды аға терістемек.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз