Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Дәулеткерей мен Оразалы айтысы (4-бөлім)

Дәулеткерей Кәпұлы, Оразалы Досбосынов · 2 мин оқу

Одан да әрі асайын,
Адымымды ашайын.
Тілегенім осы еді,
Тілімнен аяп сөзімді.
Бүгін мен қалай сасайын?!
Жабы болсаң да жабулап,
Аламанға қосайын.
Арқаңа күміс ер салып,
Ақалтекедей жасайын.
Жабдығыңның түгендеп,
Мүсейі мен асайын,
Алдыңнан бағып тосайын.
Шаптырмасам маған серт,
Шаба алмасаң саған серт,
Қазанға түгел асайын.
Өткелді тауып өтіп көр,
Өрттен шыққан ұшқындай,
Өлеңді оттай шашайын.

Батыр батыр болар ма,
Ту түбінен ту алмай?!
Ақын ақын болар ма,
Асқақ болмаса қырандай?!
Ойларың оттай ақынсың,
Оюлаған тұмардай.
Менен үркіп отыр ма,
Сөзің жатыр құралмай,
Ойларың жатыр шыға алмай.
Ақсақ Темірден қашып,
Тентіреп кеткен сығандай.

Дәулеткерей:

Айналайын, ағайын,
Бақытың сенің ашылғай.
Дәулеткерей сөйлесін,
Мына тапалға бас ұрмай.
Енді ағайын болмайды,
Шабытымды шақырмай.
Кеміте сөйлеп келгенмен,
Тебіте сөйлеп келгенмен,
Жалыныңды көрмедім,
Көктен түскен жасындай.
Түйілесің әр кезек,
Көжек көрген лашындай.
Ораз ақын, байқағын,
Тау суындай тасынбай.
Қыңыратқып барасың,
Жылқыға жиен – қашырдай!
«Күн батысқа көз салмай,
Күн шығысты еске алмай,
Бізді алатын жау жоқ деп,
Бізден мықты дәу жоқ деп,
Алды-артыңды аңдамай,
Маған не бар дескенсің,
Болашақты болжамай,

Жол сауданы олжалай,
Ақ бөкендей алданып,
Жылқыдай делбе сандалып,
Отарына кәпірдің
Аңдамай келіп түскенсің».
Ағайын жыры осылай –
Әулие жырау Дулаттың.
Бұл жырдан сырды таратып,
Келеді былай тіл қаттым:
Ежелден елге ақиқат –
Кәпірге қоныс болғаны,
Сарыарқа далам, сымбаттым.
Жарлығы жүрмей жалғанға,
Кенекем кетті арманда.
Есіл де есіл құндақтың.
Қадірі қашып қоныстың,
Отары боп орыстың,
Құлдықта халқым зар қақтың.
Бұғауға түскен құлындай,
Шыбын да жаным шырылдай,
Қай жаққа бетті бұрмақпын?!
Асылдарымды атқызып,
Абақтыға жапқызып,
Ұлардай жұртты шулаттың.
Босқанда халық шетелге,
Аузыңнан дәмі кетер ме,
Аштықта жеген тулақтың.
Рухын түгел түгесіп,
Атасын білмей ұл өсіп,
Баяғы бақты бұлдаппын.
Қызымның қашып қылығы,
Бетіне шығып былығы,
Баба рухын былғаппын.
Сексен алтыда серпіліп,
Рухтанып желпініп,
Тартысқа шығып жең түріп,
Тамырда қанды тулаттың.
Арқаға салып Астана,
Айбарым тасып басқаға,
Әнұранымды тыңдаттым.

Баянды бағым басымда,
Ораздай досым қасымда,
Айтысып былай жырғаппын.
Қараөткелдің бойында,
Дулат жыраудың тойында,
Аллаға айтып тәубәмді,
Көзімнің жасын құрғаттым!

Өсиет айтып балдарға,
Атағы жеткен заңғарға,
Заманның зарын мұндаған,
Алтын бастарын бұлдаған.
Үмітін артып таңдарға,
Дулат пен Мұрат, Шортанбай,
Шабысы бөлек шалдар да.
Түркінің пірі – Көкбөрі,
Жылқының пірі – Қамбар да.
Азаттығыңа бас ұрып,
Айтарын айтқан ашынып.
Айтпаған сыры қалған ба?
Солардың сөзі ақиқат.
Ал, тыңдағын Оразым:
«Еділді келіп алғанда,
Етекке қолын салғанда,
Жайықты келіп алғанда,
Жағаңа қолын салғанда,
Ойылды келіп алғанда,
Ойындағысы болғанда,
Есілді келіп алғанда,
Сарыарқа – жұмақ сары алтын,
Төсіңді келіп алғанда;
Ақиқатыңды айтқызбай,
Аузыңа құлып салғанда;
Құдағайыңның қасына,
Сасығын әкеп салғанда;
Ұлы Абайыңның қасына,
Атомын әкеп жарғанда;
Тәңірге жылап зарлауға,
Күрмеліп тілің қалғанда;
Азаттық бер деп қазаққа,
Жалбарынбап па ең Жаппарға?!

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз