Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Балғынбек пен Мұхтар айтысы (2-бөлім)

Балғынбек Имашев, Мұхтар Ниязов · 2 мин оқу

Балғынбекке ағам деп жай қарасам,
Деп отыр «сахнада сойқан ашам».
Кәдімгі піл аунаған шалғындай қып,
Жарар ед жан-жағыңды жайпамасаң.
Таспен ұрған адамды аспен ұрып,
Мен бәрібір құшақты айқара ашам.
«Жаманақтың тойында жаман Мұхтар»,
Деген сөзді болмайды қайталасаң.
Өзім жаман болсам да халқым жақсы,
Тарқамаған жұртпыз ғой той тамашам.
Жоңғарға қан жұттырған Сартай құсап,
Жас та болсам сенімен тайталасам.
Сыр елінің Мұхтары боламын ба,
Ауылдың алты ауызын айта алмасам.
Қомпайтып, қомнан ауған шаңырақтай қып,
Қасымда қарсыласты шайқамасам.
Сен менсінбей, теңсінбей отырғанмен,
Байқа енді күшіме қайта басам.
Елемеген бұтақтың өзі кейде,
Екі көзіңді ояды байқамасаң.

Бұл Балғынбек «серімін, салмын» депті,
«Алла айдап, Аралға кеп қалдым» депті.
Келдім ғой «бір жүлдеңді бересің» деп,
Жүкеңе де қиғылық салғың кепті.
Қою, жылтыр сөзімен алдағанмен,
Өзіне қарата алмас бәрібір көпті.
Аралдың көні кеуіп жатқан кезде,
Бір рет табан тіреп, хал білмепті.
Енді кеп той үстінде көлік сұрап,
Бір-ақ күнде көрмекші бар құрметті.
Көптен бері қолыма түспей жүр ед,
Алаңсыз қайтарайын ал бір кекті.
Ағайын, дегенменен мықтысыңдар,
Орындадың ойға алған бар міндетті.
Қамырдың орынына көлік салып,
Қармаққа түсірдің-ау Балғынбекті.

Сахнада бірі қалып, бірі өлетін,
Мықты айтыс бастағандай міне ретің.
Өйткені, Жақайымның тойы ғой бұл,
Жауына жауар бұлттай түнеретін.
Хас дұшпанның алдына келген кезде,
Үзеңгісі үзілгенше шіренетін.
Бұл халық сөз тыңдайды, себебі оның,
Арғы атасы Жетеске тірелетін.
Сондықтан Жүкеңді де алдырып тұр,
Жырменен жұлмалаймыз жүрек етін.
Ассалаумағалейкүм, Аралдықтар,
Көңіліңді көктем қып, гүл егетін.
Алдыңа ақындарың келіп қалды,
Буырқанса бұрымдай жыр өретін.
Сүйексіз тілімен ақ айтқан сөзін,
Сүйегіңнен өткізіп жіберетін.

Шай ішіп боп қалдың ба, дәу Балғынбек,
Әр сөзіне құратын ау Балғынбек.
«Қызыл құмға аунатам» деп отырсың,
Ойыңыз адалдықтан сау Балғынбек.
Түйенің жығылуы қойдан оңай,
Қаншама жасасаң да шоу Балғынбек.
Жолықтық бір сом, елу тиын құсап,
Біздер төбе болғанда тау Балғынбек.
Тәуекел деп, тас жұтып, топқа түстім,
Тауыңды да тұрғандай аударғым кеп.

Маңдайың болмағанмен маң даладай,
Тіліңіз тістеп шаққан қандаладай.
Ақынның жолбарысы, Жүкең айтқан,
Жататын жатағына аң жоламай.
Қасқырдың ішіндегі арланысың,
Қарыны қампаймайтын қан жаламай.
Танауыңа жүруші ед, таяқ бойлап,
Таңқайып басқа жерде паң қарап-ай.
Аралға кеп отыр ма рухың қашып,
Шынжыр балақ, шұбар төс шомбал ағай.
Жылтырап екі көзің бара жатыр,
Абдырап отырсың ғой аңғал ағай.
Аралға ағып келіп абайсызда
Каналға түсіп кеткен камбаладай.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз