Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ринат пен Аалы айтысы (7-бөлім)

Ринат Зайытов, Аалы Тұтқышев · 2 мин оқу

Міне, осындай емес пе,
Біздің егемен елдің шаттығы.
Егемендік, тәуелсіздік,
Осылай айтады жақсыны.
Ал сені болса, қарашы,
Бай атам беріп
Тыншымайды санасы.
Әлбетте, төріңе жеткен кезімде,
Еліңе келген кезімде,
Жеріңе келген кезімде,
Мен жаман сөзді айтпайын,
Әлбетте, қазақ халқының
Жақсы жағын да мақтайын.
Бауырға жақсы сөзді
Айтуға тілек дап-дайын.
Мен бүгін сенің төріңе
Шабысқалы келмедім,
Өйткені қылышым жоқ қолымда.
Сайысқалы келмедім,
Автоматым жоқ жонымда.
Сіздерге құттықтау айтып келгенмін,
Жақсы тілек қана ойымда.
Бірақ, қырғызға қарай өзіңнің
Жаман сөз шықты бойыңда.
Кейінгіде бұл сенің
Болып тұрсын ойыңда.
Қазір ғана деп айттың,
Қырғыздан көрі қазақтар
Жырлап жатамыз деп айттың.
Оны білмеймін неге айттың.
Шетелге қырғыз қарызы,
Санасақ екі миллиард доллар,
Шетелге қазақ қарызы
Неше миллиард доллар?
Білмесең досым, ендеше,
Көңіліңе түйіп ал.
Осы жерден күйіп ал.
Кеше мен интернеттен іздедім,
Жүз жиырма төрт миллиард сыртқа
Доллар қарыз екен, біліп ал!
Е, Бауырым, бауырым,

Егерде қарыз алғанда,
Біз де қилы жолға бармақпыз.
Мырзатай аға, білесіз,
Қырғыздардың мінезін.
Жұлдыздай көкте жанбақпыз.
Шетелден жүз жиырма төрт миллиард қарыз алсақ
Астанадай қаладан
Алтауын қатар салмақпыз.
Әлбетте, ақындыққа баласа.
Бұлардың бәрін санаса
Мен бүгін жақсылықтарды көп ойлаймын.
Білесің бе, нені ойлаймын?
Астананың қаласында
Жамандықты неге ойлаймын.
Бұйырса тәуелсіздік күндері
Болашақта, алдыда.
124 миллиард қарыздан
Қазағым құтылса екен деп ойлаймын.
Әлбетте, менің қазағым,
Сенімен бірге жатамын,
Асу асу қырларды
Сенімен бірге асамын.
Күніге түнде жатқанда
Оңалсын деп қазағым,
Алладан сұрап жатамын.
Өйткені қазақ бір туған,
Алыстап қайда қашамын?
Кеше Мырзатай ағам айтқандай,
Іштарлықпен дұшпандар
Әлбетте, бізді көре алмайды.
Қазақ пенен қырғыздай
Басқа ешкім бола алмайды.
Қазақ пенен қырғызға
Ешкім жәрдем бере алмайды.
Мұндай жерге келгенде
Ақындар қатты өре алмайды.
Демек, қазақтармен ешқашан
Қырғыздардан басқаға
Ешкім жәрдем бере алмайды.
Біздің ортамызды
Алатау ғана бөлмесе

Ешқашан дұшпан бөле алмайды.
Содан кейін деп айттың:
Россия менен АҚШ-қа
Шоқынып едің деп айттың.
Ельцинге қойып ескерткіш
Ол жөнінде көп айттың.
Біз деген кең пейіл қырғыз елденбіз,
Талай зорды көргенбіз.
Қалпағымызды кидіріп,
Басымызды алдырмай
Қара қалмақты жеңгенбіз.
Сол үшін де осындай
Алатау-биік төрденбіз.
Биік жерге жайғасып біз дағы,
Биік болып өнгенбіз.
Егемендік, тәуелсіздік үшін біз дағы
Қанша жерде жеңгенбіз.
Қанша жерде өлгенбіз.
Содан, ескерткіш құрып орысқа,
Қазақты ештеңе бермеді деп ойлама.
Қазақ та жақын бауырым деп,
Қарсылап төрді бергенбіз!

Ринат:

Бізге рас береді көмекті кім,
Қарыз жайлы айттың ғой деректі мың.
Екі-ақ миллиард қарызыңыз бар болса егер,
Себебі де көп шығар демек мұның.
Біз жүз жиырма миллиардтан құтылармыз,
Қазағым жоғалтпаса өр екпінін.
Шетелдегі адамдар біледі ғой,
Кімдерге қарыз беру керектігін.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз