Сүттен жасалған тағамдарды жерге түкіріп тастауға болмайды.
Қазақтың тыйым сөздері
- Су бастау, су көздерін лайлама.
- Су шашып ойнама.
- Суға дәрет сындырма.
- Суға қарай жүгірме.
- Суға түкірме.
- Суды сапырма.
- Сүтті отқа төкпе.
- Сүтті үрлеп ішпе.
- Сүттің бетін ашық қалдырма.
- Сыпырғышпен ұрма.
- Сырыңды көрінгенге шашпа.
- Табалдырыққа шықпа, босағаға отырма.