Таяққа сүйенбе.
Мағынасы
Бұл — жаман әдет. Ертеде кісісі өлген үйдің ерлері таяққа сүйеніп жоқтау айтқан.
Қазақтың тыйым сөздері
- Табаныңды тартпа, тізеңді құшақтама.
- Тамақ ішкен қолыңды сілікпе.
- Тамақ ішіп отырған кісіге тесіле қарама.
- Тамақ ішіп отырып тұрып кетпе.
- Тамаққа қос қолмен сұғынба.
- Таңдайыңды қақпа.
- Тәкаппар болма.
- Теріс қарап отырма.
- «Тойдым» деме, «қанағат» де.
- Тоқымды төсенбе.
- Төрге қарап жүрелеп отырма.
- Төсекте жылама.