Үйге келген кісіге төрден орын беру керек.
Қазақтың тыйым сөздері
- Уыздан соң іле суық су ішпе.
- Ұлыстың ұлы күні жамандық істеме.
- Ұрлық жасайтын, өтірік айтатын адамға мал жаюға болмайды.
- Ұрлық жасама.
- Ұя бұзба, жұмыртқаға тиме.
- Үй қожасы дәм татпастан бұрын асты жеуге болмайды.
- Үйге келген кісінің аяқ киімін тазалап, ол кетерде алдына қою керек.
- Үйге сыртыңнан кірме.
- Үйде өлік жатқанда, от жақпа.
- Үйде ысқырма.
- Үйді айналма.
- Үйіңе келсе, үйдей дауыңды айтпа.