Су шашып ойнама.
Қазақтың тыйым сөздері
- Саусағыңды шығарма, тарақтама.
- Саусағыңды, қолыңды орынсыз аузыңа салма.
- Семіз малды қуалама.
- Соғым малды қуалама.
- Сол қолмен тамақ ішпе.
- Су бастау, су көздерін лайлама.
- Суға дәрет сындырма.
- Суға қарай жүгірме.
- Суға түкірме.
- Суды сапырма.
- Сүттен жасалған тағамдарды жерге түкіріп тастауға болмайды.
- Сүтті отқа төкпе.