Үлкен кісіге сыртыңды берме.
Қазақтың тыйым сөздері
- Үйде өлік жатқанда, от жақпа.
- Үйде ысқырма.
- Үйді айналма.
- Үйіңе келсе, үйдей дауыңды айтпа.
- Үлкен адам алдында аяғыңды созып отырма.
- Үлкен кісіге бірінші сәлем беру керек.
- Үлкен кісіден бұрын дәмге қол созба.
- Үлкенге «сен» деме.
- Үлкенге қарсы келме.
- Үлкендердің сөзіне араласуға болмайды.
- Үлкеннен бұрын билік айтпа.
- Үлкеннен бұрын төрге шықпа.