Қазақтың тыйым сөздері
Қазақтың тыйым сөздері — әдеп, үлкенді құрметтеу, тазалық пен ысырапсыздыққа үйрететін халық тәрбиесінің мұрасы. Түсіндірмесімен. Барлығы: 745. 7-бет, барлығы 8 бет.
- Біреудің еңбегін, ақысын жеме.
- Біреуді қарғама, сөкпе, тілдеме.
- Басыңа ие бол.
- Дініңе тіл тигізбе.
- Дұшпанға сенбе, жалынба.
- Досыңды өкпелетпе.
- Дүниеқор болма.
- Дәстүрге қарсы келме.
- Дәмге түкірме, жамандама.
- Дініңді сатпа, айырбастама.
- Досыңды сатпа.
- Ердің сөзін екі етпе.
- Еңбектен қашпа.
- Еріншек болма.
- Есікті қатты жаппа.
- Ер-тұрманды аттама.
- Зорлықшыл болма.
- Зинақор болма.
- Жамандыққа жол берме.
- Жақсының жолын кеспе.
- Жала жаппа.
- Жаман жерді баспа.
- Желмен жарыспа.
- Жаман тілек тілеме.
- Жаманға ерме.
- Жақсылығыңды сатпа, бұлдама.
- Жеңілтек болма.
- Жәндікті өлтірме.
- Жүреңнен отырма.
- Желге қарсы түкірме.
- Жаман іске үйренбе.
- Жамандыққа жақындама.
- Опасыз болма.
- Орынсыз ойбайлама.
- Отпен ойнама, шалқытпа.
- Отқа түкірме, су төкпе.
- Отты аттама.
- Орынсыз іске араласпа.
- Ошақты, жерошақты аттама.
- Өзімшіл болма.
- Өз үйіңді кісімсіме.
- Өтірік, өсек айтпа.
- Өтірікшіге ерме, құптама.
- Өтірік күлме, жылама.
- Өткенге өкінбе.
- Өтірік куәлік берме.
- Өлген адамды тілдеме.
- Өлімге күлме.
- Өлім тілеме.
- Өркөкірек болма.
- Пышақ кезенбе.
- Сұрамсақ болма.
- Сабырсыз болма.
- Салақ болма.
- Сұқтанба.
- Сәбиді ұрма, теппе.
- Сараң, пайдакүнем, ұсақ болма.
- Саусағыңды беземе.
- Саусағыңды танауыңа сұқпа.
- Суға дәретке отырма.
- Тамақты жерге төкпе.
- Тілазар болма.
- Тамақты аттама, жамандама, үрлеме.
- Тамақтың үстіне отырма.
- Тіліңді шайнама, бұрама.
- Түнде ысқырма.
- Тентек болма.
- Түкірігіңді, қақырығыңды жұтпа.
- Теріс сөйлеме.
- Иесіз үйге кірме.
- Иегіңді таянба.
- Инені тістеме.
- Көптің жолын кеспе.
- Көкірегіңді керме.
- Күш көрсетпе.
- Кемтарға күлме, мазақтама.
- Кісіге саусағыңды шошайтпа.
- Кісіні сыртынан жамандама.
- Күлді шашпа.
- Көп сөйлеме, көп күлме.
- Көкті жұлма.
- Кеудеңді соқпа.
- Күншіл болма.
- Кешкі асты бақпа.
- Көп ұйықтама.
- Қолыңа ие бол.
- Қолыңды сілікпе, сермеме.
- Құдайды ұмытпа.
- Қабірге қол шошайтпа.
- Қарт адамға күлме.
- Қызғаншақ болма.
- Қызға қол жұмсама.
- Қақтың суын ішпе.
- Қонаққа қатты сөз айтпа.
- Қулық жасама.
- Малды үркітпе.
- Малға зәбір жасама.
- Малды ұрма, боқтама.
- Менмен болма.
- Маңдайыңды ұрма.