Тізеңді құшақтама.
Қазақтың тыйым сөздері
- Түрегеп тұрып дәрет ұсатпа.
- Түсіңді аузы бейпіл адамға жорытпа.
- Тымақ үстінен тымақ киме.
- Тырнағыңды аузыңа салма.
- Тырнағыңды өсірме, тістеме.
- Тырнағыңды тістеме.
- Тізеңді, табаныңды тартпа.
- Тірі малға көрсетіп мал сойма.
- Тірі малдың етін кесіп алуға болмайды.
- Тісіңді қайрама.
- Уыздан соң іле суық су ішпе.
- Ұлыстың ұлы күні жамандық істеме.