Теріс қарап отырма.
Қазақтың тыйым сөздері
- Тамақ ішіп отырған кісіге тесіле қарама.
- Тамақ ішіп отырып тұрып кетпе.
- Тамаққа қос қолмен сұғынба.
- Таңдайыңды қақпа.
- Таяққа сүйенбе.
- Тәкаппар болма.
- «Тойдым» деме, «қанағат» де.
- Тоқымды төсенбе.
- Төрге қарап жүрелеп отырма.
- Төсекте жылама.
- Тұзды баспа.
- Түнде бақырып жылама.